Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Мәтін құраудағы сөз байланысын меңгеру - Қазақ тілі, 6 сынып, 4 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтін құраудағы сөз байланысын меңгеру. 
Мәтін құраудағы сөз байланысын меңгеру - Қазақ тілі, 6 сынып, 4 - сабақ

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Төменгі сыныптарда өткен мәтін туралы түсініктерін қайталата отырып, білімдерін әрі қарай тереңдету. 
Дамытушылық: Мәтіндермен жұмыс және жаттығулар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Тіл байлықтарын жетілдіруге байланысты жұмыстар жүргізу.
Тәрбиелік: Ана тілінің қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату.
Көрнекілік: оқулық, кеспе қағаздар, әдістемелік.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
  • Оқу құралдарын ретке келтіру.
  • Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап әдісі:
  • Оқушылар әдеби тіл мен мәтіннің байланысы туралы айтады;
  • Мәтін дегініміз не? Мәтін неден тұрады?
  • Ойды білдіретін ең кіші бөлшек қалай аталады?
ІІІ. Жаңа сабақ:  Мәтін құраудағы сөз байланысын меңгеру.
Мұғалімнің қысқаша түсінігі:
Балалар, сендер мәтін деген түсінікті 5 сыныптан бастап білесіңдер.Мәтіннің құрылысы, түрлері, мазмұны мен берілу жолдары туралы танстыңдар. Яғни мәтін байланысу, бірігу дегенді  білдіреді. Мәтін сөйлегенде, жазғанда пайда болады.
Жалпы мәтіннің өзі байланысқан бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, жазушының белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді.
М әтін туралы топтастыруды оқушылар тақтаға өздері шығып жазуы қажет. 
                                              тақырыбы болады
                                                  сөздерден, сөйлемдерден тұрады
Мәтіннің                                            абзацтан тұрады                                                            оқиғалар баяндалады, әңгімеленеді
                                                            құбылысьар суреттеледі, сипатталады
ІV. Мәтінмен жұмыс жасау:
Оқушыларға кеспе қағаздардағы мәтін таратылады: /бір оқушы мәнерлеп оқиды/
№1 кеспе қағаз.
Күбі
Қазақ жерінде күбі-ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат пісуге, кейде көже ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы жіңішкелеу келеді де, дөңгелек қақпағының үстінде піспек өткізетін тесік жасалынады. Қазақтар күбі мен піспекті қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден және т.б.ағаштардан жасайды.
(«Қазақ  халқының сальт-дәстүрлері» кітабынан)
Тапсырма:
  1. Мәтін не туралы айтылған?Мәтіндегі сөйлемдер өзара бай    ланысқан ба?
  2. Қайыңнан деген сөзде неше буын бар,буынның түрлерін ажырат.
  3. Мәтін ішінде шылаулар бар ма?
№2 кеспе қағаз
 Немереде не кінә бар?
Сонау жылдары бір жігіт әжесі қайтыс болып жұмыстан сұранады. Келесі жылы ол тағы да әжесін жерлеуге баратын болады. Үшінші жылы тағы да сол: «Әжем қайтты» дегенді айтады.
-Әй, шырағым, осы сенің әжең неше рет өледі! - дейді күйіп кеткен бастық. Сонда жігіт:
-Енді мен қайтейін, атамның кемпірлері көп болса, - дейді қиналып.
Сөйтсе атасының үш әйелі болған ғой. Расында, немереде не кінә бар?
(«Ана тілі» газетінен)
Тапсырма:
  1.  Мәтіндегі тыныс белгілеріне көңіл бөл, түсіндір.
  2. Қарамен жазылған сөзждердің үндестік заңдылықтары қалай?
  3. Осы сөздердің түбірлерін тауып, дыбыстық талдау жаса.
№3 кеспе қағаз
Бір ұрыста біздің бір топ жауынгерге қарсы жаудың бір ротадай солдаты шыбуылға шықты. Жау бізді жан-жақтан қоршап алды. Бірақ одан құтымыз қашқан жоқ. Арамыздан жалғыз ғана қорқақ, опасыз шықты. 28 панфиловшылар опасызды қалай жазаласа, біз де оны солай жазалайық. Фашистер қанша тырысқанымен, біздің табандылығымызды мұқалта алмады. Бұл ұрыста 150-ге тарта гитлершілердің көзін жойдық. 
(«Есімізде қанды майдан» кітабынан)
Тапсырма: 
  1. Мәтінді оқып шығып, тақырып қойыңдар.
  2. Мәтінде өзара байланысқан неше сөйлем бар.
  3. Жауынгер деген сөзге фонетикалық талдау жаса.
  4. Панфиловшылар, гитлершілер, фашистер деген кімдер?
Ү. Сабақты бекіту:
Оқушылар мәтіндегі сөздердің өзара  байланысуы туралы айтады.
Мәтін дегеніміз не? Мәтін неден тұратындығын қайталату.
ҮІ. Үйге:
  1. Мәтін туралы қайталау.
  2. «Туған жер», «Тілімізді қастерлейік» тақырыптарында мәтін құрастыру.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: