Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Тіл ұстарту сабағы - Қазақ тілі, 6 сынып, 21 - сабақ

Тақырыбы: Тіл   ұстарту сабағы
Тіл  ұстарту сабағы - Қазақ тілі, 6 сынып, 21 - сабақ

 Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Білімділік:Тіл ұстарту мәтінінің мазмұнын толық меңгерту, талдаулар жасату.
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, оқу, талдау.
Көрнекілік:Ә.Е.Шунееваның Тіл ұстарту мәтіндері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу рәсімі;
-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
-оқу құралдарын ретке келтіру.
-оқушылардың диктант дәптерлері таратылады.
ІІ. Оқушылар 10 минуттың ішінде қатемен жұмыс жасайды, дәптерлер қайтадан жиналып алынады.
ІІІ. Тіл ұстарту сабағы:
/Кеспе қағазға жазылған мәтін барлық оқушыларға таратылады/
Жылқылар үйірі
            Жәнібектің жылқыларын  айтса айта қалғандай.Ақ толқын, күрең толқын, сары толқын, құла толқын өңшең бір бұйратылған  бұла толқын   бірін – бірі өкшелей қуып, желкелей   тістесіп жағаласып бара жатқандай. Құдай тағала бұл дүниенің бар бояуын  жылқыға арқалатып қойғандай. Мөлт қара, мақпал қара, қарагер, тобылғы торы, қара торы, құла торы,  торы ала,   көк ала, қара ала, ала күрең, ала жирен, сұр ала, қара шұбар, торы шұбар, қара көк,  құла жирен, көк бурыл...
            Көз алдыңан жалт – жұлт жөн көрсетіп, сапырылысып   жатқан көп түсті  санап тауыса алар емессің.
Тапсырмалар:
  1. Мәтінді түсініп оқындар
  2. Мәтіндегі күрделі сөздерді  табыңдар
  3. Асты сызылған сөйлемге назар аударыңдар. Жылқылардың  түстерінің  біріңғай        толқын-толқын  болып тоқталуының себебін түсіндіріңдер
  4. Жылқы түсіне  байланысты қолданылған тіркесті сөздердің қайсысы саған таныс
  5. Қарамен жазылған сөздерді дәптерлеріңе көшіріп жазып,        жазылуына назар аударыңдар.
  6. Түсіндірме сөздіктен жылқы түсіне байланысты  5 сөздің  мағынасын тауып жазыңдар. 

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: