Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Абайдың өмірі мен шығармашылығы - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы: Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты: 
Білімділігі: Ақын өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныта отыры,білім 
білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушының өз ойын жеткізе білуге,шығармашылық ізденісін 
арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Азаматтық биік  қасиеттерге баулу,рухани құндылықтарды 
бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Өткен сабақ: Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы. Мәтін сұрақтар бойынша 
сұралады. «Үміт еткен көзімнің нұры балам. Жаныңа жәрдем 
берсін хақ тағалам»... – деп он жасар Ыбырайға хат жолдаушы 
кім,ол туралы не білеміз?
                    Орынборда қай жылдары оқыды?
                     «Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым                
орындалып, мектеп ашылды». Бұл қайда,қашан ашылды?
 «Қазақ хрестоматиясына» нелерді енгізді? Оны жазудағы мақсаты                 
не?
                     Орыс достары ақын дүниеден өткенде еске алып,қандай баға                
                     берді?
                     Өткен сабақты бекіту: Ыбырайды кім ретінде танимыз?
                   Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту: Абай Құнанбаев туралы не    
                   білесіңдер?
Мағынаны тану: Ақын өмірі   мен шығармашылығына қатысты слайд,электрондық оқулық бойынша түсіндіріп өтемін.
Ой шақыру: Оқулықты және Абай туралы өз білетіндері бойынша 4топтың жұмысы «Кубизм» әдісі бойынша орындалады:
Зерттеңіз: Ақын нәр алған асыл арналар
Қолданыңыз: Абай поэзиясы-адамзаттың асыл қазынасы
Әңгімелеңіз: Қарасөздері мен поэмалары
Талқылаңыз: Қазақ әдебиетіндегі аударма саласына қандай үлес қосты? Қандай әндері бар?
Кестені интерактивті тақта бойынша орындау:

АқындарӨмір сүрген жылдарыӘдеби мұраларыКім ретінде танимыз
Абай


Ыбырай



Жаңа сабақты бекіту: Түсіндірме күнделігі арқылы
ӨлеңтақырыбыӨлеідегі негізгі ой тірек ұғымындағы сөздер
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге...



Тірек сөздер: ғылым,білім,жақсылық,жамандық,ұстаздық,талап,еңбек, т.б арқылы ой түйіндейді.
«Мен  білетін Абай...» Оқушының шығармашылық жұмысы.
Бағалау.
Үйге: Ақын өміріне, шығармашылығына қатысты баспасөз материалдарынан мәлімет,»Абай – азамат ақын» реферат жазу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: