Сабақ жоспарлары / Физика

Бақылау жұмысы №2. - Физика, 9 сынып, 23 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №2.
Бақылау жұмысы №2. - Физика, 9 сынып, 23 - сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік мақсаты: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерінің нақтылығын, меңгерілу дәрежесін айқындау; жұмысты орындау барысында дайындық деңгейлерін анықтау.
2.     Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3.     Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Сақталу заңдары  бойынша бақылау жұмысы.

І нұсқа.

1. 15 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан гранат массалары 6 кг және 14 кг болатын екі жарықшаққа бөлінеді. Қозғалыс бағыты бойынша үлкен жарықшақ 24 м/с жылдамдықпен ұшты. Кіші жарықшақтың жылдамдығын тап.
2. Массасы 200г дене 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Дененің кинетикалық энергиясын анықта.
3. Массасы 500кг лифт  екінші қабаттан сегізінші қабатқа көтерілді. Қатар екі қабаттың ара қашықтығы 4м. Лифтінің потенциалдық энергиясының өзгерісі неге тең?
4. Дененің импульсі 10кг*м/с, ал кинетикалық энергиясы 20Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.  

ІІ нұсқа.

1.     Массасы 10т жайдақ вагонды 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т жайдақ вагон қуып жетеді. Егер соқтығысуы серпімсіз болса,соқтығысқаннан кейін бұл вагондардың жылдамдығы 2,6 м/с болады. Бірінші жайдақ вагон қандай жылдамдықпен пен қозғалған?
2.     Теледидар кинескопында электрондар жылдамдығы 70Мм/с. Электронның кинетикалық энергиясын анықта. Электронның массасы 9,1*10-31кг.
3.     Қатаңдығы 10кН/м серіппе 3 см-ге созылған. Оның потенциалдық энергиясын анықта.
4.     Дененің импульсі 12 кг*м/с, ал кинетикалық энергиясы 24 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §1-15 қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: