Физика / Есептер

«Ботақан» сайысына арналған сұрақтар - 10 сынып

10 сыныпқа арналған «Ботақан» сайысына арналған сұрақтарды тегін жүктеп алу.
«Ботақан» сайысына арналған сұрақтар - 10 сынып

  1. Өзеннің қарсы жағына тура өту үшін қайықтың жылдамдығын ағыстың жылдамдығына қарсы қалай бағыттау керек? Суға қатысты қайықтың жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан екі есе көп. 
  1. Минералды су бөтелкесінің ішінде ұйытқыған құйын. 78 айн/мин жылдамдықпен айналып тұрған дискінің ортасына жаңа ғана ашылған минералды суды бөтелкесімен қой. Әрине бөтелкенің ішіндегі көпіршіктер көтеріле бастайды. Бірақ, егер бөтелке ішіне қант немесе басқа кристалды зат тастасаң бөтелкенің ортасында ұйытқыған құйын пайда болады. Құйын неге пайда болады және ол энергияны қайдан алады?      
  1. Жұмырқаның ағын қатты араластырған кезде ол қою көбікке айналатыны неліктен? Жұмырқаның ағы – мөлдір түссіз сұйық – мысалы, жұмырқаны қуырған кезде ақ қатты затқа айналады. Неге?  
  1. Егер долларлық  купюраны бұрышынан ұстап күшті магнитке жақындатса, онда ақша бір полюсіне қарай ауытқи бастайды. Неге? 
  1. Егер электрондық түтіктегі электр өрісінің кернеулігі 2∙104В/м , ал газ молекулаларының иондалу жұмысы 16 эВ болса, онда электрондық түтіктегі соққылық иондалу басталған кездегі электронның еркін жүгіру аралығын анықта.  
  1. Далада күні бойы салқын күзгі жаңбыр жауып тұр. Ас үйге көп жуылған кір ілінген. Егер форточканы ашып қойса, онда жуылған кір тез кебе ме? 
  1. Кастрөлдегі бұрқырап қайнаған суда макарон пісіріліп жатыр. Макаронның түтігінің ішіндегі су қайнай ма? 
  1. Позитрон горизонталь «Оңтүстік - Солтүстік»  бағытында қозғала отырып вертикаль орналасқан жоғары қарай бағытталған біртекті магнит өрісіне келіп кіреді. Осы кезде оны Лоренц күші қалай қарай ауытқытады? Суретін сал. 
  1. Егер конденсатордың пластиналарының арасын екі есе арттырса, онда конденсатордың энергиясы қалай өзгереді. Конденсатор ток көзіне жалғанған.
  1. Бір атомды идеал газды изобаралық қыздырған кезде газдың ішкі энергиясын өзгертуге газға берілген жыолу мөлшерінің қандай бөлігі кетеді? 

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: