Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару. - Физика, 8 сынып, 9 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару. - Физика, 8 сынып, 9 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: тақырып  бойынша  есептер         шығару  дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың  тарау        бойынша  алған  білімдерін жүйелеу,   тақырыптың есептер шығару дағдыларын қалыптастыру;  талдау жасау,   салыстыру қабілеттерін дамыту;
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
  1. Массасы 15 кг антрацит жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.
            Берілгені:                                                  Шешуі:
            m=15 кг                        Q=qm  Q=15 кг*3,4*107 Дж/кг=510*106 Дж
            q=3,4*107 Дж/кг                
                Т/к  Q-?                                                                                 Жауабы: Q=510*106 Дж
  1. Көлемі 2 л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.
  2. есептер жинағынан №117-125
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Тексеру сұрақтары:
1)Неліктен отын жанғанда энергия бөлінеді?
2)  Отын жанғанда бөлінетін энергия неге тәуелді болады?
3)  Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді?
4)  Отын жанғанда бөлінетін энергияны есептеу формуласын жаз. Q=qm   формуласынан отынның массасын және меншікті жану жылуының өрнегін жаз.
5)  Механикалық энергияның сақталу зады қалай тұжырымдалады?
6) Энергияның сақталу және айналу заңы тұжырымдалады?
 ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §§11,12; 7-жаттығу. Қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: