Сабақ жоспарлары / Физика

Электр тізбегіндегі кернеудің резонансы. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат - Физика, 11 сынып, 11 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіндегі  кернеудің резонансы. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат. 
Электр тізбегіндегі  кернеудің резонансы. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат - Физика, 11 сынып, 11 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электр тізбегіндегі  кернеудің резонансымен айнымалы ток тізбегіндегі қуатпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Электр тізбегіндегі  кернеудің резонансымен айнымалы ток тізбегіндегі қуатпен танысамыз.
  1. Айнымалы ток тізбегіндегі толық кедергі неге тең?
  2. Айнымалы ток үшін Ом заңын тұжырымда.
  3. Векторлық диаграммалар
  4. Айнымалы ток деп нені айтамыз?
  5. Қозғалмай тұрған рамада айнымалы ток тудыруға бола ма?
  6. Активті кедергі деп нені айтамыз?
  7. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері қалай анықталады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы.
2. Кернеулер резонансын қолданатын жерлер.
3. Айнымалы ток тізбегіндегі орташаы қуат:

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2.6, 2.7. дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Резонанс деп қандай құбылысты айтады?
  2. Резонанстық жиілік неге тең?
  3. Резонанс кезінде активті, индуктивтік және сыйымдылық кедергілердегі кернеулер неге тең?
  4. Кернеулер резонансын қай жерлерде қолданады?
  5. Айнымалы токтың қуаты қалай анықталады?
  6. Қуат коэффициенті деп нені айтады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Есептер шығарту: (2.6.1; 2.6.2; 2.7.1; 2.7.2;)
 VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2.6, 2.7 (2.6.3; 2.6.4; 2.7.3; 2.7.4;)
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: