Сабақ жоспарлары / Физика

Жұлдыздың планеталық жүйесі. Күн жүйесі - Физика, 11 сынып, 78 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұлдыздың планеталық жүйесі. Күн жүйесі.
Жұлдыздың планеталық жүйесі. Күн жүйесі - Физика, 11 сынып, 78 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдыздың планеталық жүйесімен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Жұлдыздың планеталық жүйесімен танысамыз. 
  1. Жұлдыздар қандай энергия көздерінің есебінен жарықшығарады?
  2. Оптикалық қос жұлдыздар жылтырауының өзгеру қисығын тұрғызуға бола ма?
  3. Аса жаңа жұлдыздар жылтырауының өзгеруі неден болады?
  4. Цефейдтер арқылы жұлдыздың массасын анықтауға бола ма?
  5. Пульсарлар айнымалы жұлдыздардың қандай түріне жатады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Бақыланатын аспан құбылыстары жөніндегі дұрыс түсінік ғасырлар бойы жинақталды. Астрономия ежелгі Мысырда (Египетте) және Қытайда негізі салынганы, ежелгі грек ғалымдарының кейініректегі табыстары жөнінде, абыздардың бақылаулары, табиғат туралы олардын. жалған түсінігі жөнінде, білімді өздерінің қамы үшін пайдаланғаны жөнінде сендер білесіңдер. Астрологияны да (адамдардың және халықтардың тағдырына планеталар әсерін тигізедімыс дейтін және шырақтардың орналасуына қарап келешек тағдырды болжауға боладымыс дейтін жалған ілімді) туғызған абыздар.
Біздің эрамыздың II ғасырында ежелгі грек ғалымы Клавдий Птолемей жетілдірген, дүниенің геоцентрлік жүйесі де өздеріне мәлім, Ол дүниенің центрі етіп шар тәрізді болса да қозғалмайтын Жерді «қойды», ал қалғаң өзге шырақтар оны айналады деді.   Планеталардың көрінетін тұзақ тәрізді қозғалысын Птолемей, бір қалыпты екі дөңгелек бойымен болатын қозғалыстардың: кіші шеңбермен жүретін планетаның өз қозғалысы мен, әлгі кіші шеңбер центрінің Жерді айнала қозғалуынын қосылуынан болады деп түсіндірді. Алайда, планеталардың қозғалысы жөнінде бақылау мәліметтері молайған сайын жөні жоқ керемет көрінген Птолемей теориясы күрделі жөндеуді қажет етті. Барған сайын күрделенілген жүйенің жасандылығы көрініп және теория мен бақылау арасында жеткілікті үйлесім болмағандықтан, оны алмастыру (езгерту) қажет болды, Осыны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник (1473- 1543) істеді.
Коперник ғасырлар бойы адамдардың ойына ұялап алған Жер қозғалмайды деген догмалық кағиданы алып тастады. Жерді қатардағы планеталар санатына қосып, ол - Жер Күннің былайғы үшінші орында болады деп және Жер барлық планеталармен бірге Күнді айнала кеңістікте қозғалады, сондайақ өз осін айнала қозғалады деп көрсетті. Қоперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және тұзақ тәрізді болып көрінетін планеталардың қозғалыстарын тек қана жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп батыл дәлелдеді. Коперниктің гелиоцентрлік теориясымен жасалған осы астрономиядағы және дүниеге көзқарас жөніндегі революция табиғатты зерттеуді діннен босатты деп Ф. Энгельс атап көрсетті,
Галилео Галилей (1564-1642) телескопты алғаш аспанға бағыттағандардың бірі болды, өзінің ашқандарын Коперник теориясының дәлелі ретінде дұрыс түсіндірді. Мысалы, Галилей Шолпанның фазаларын ашты. Осындай түр алмасу, Шолпан планетасының Жерді емес, Күнді айналатын жағдайда ғана мүмкін екенін тапты. Галилей Ай бетінде таулар барын анықтап, олардың биіктігін өлшеді. Сөйтіп Жер мен аспан денелері арасында түпкілікті айырмашылық жок болып шықты: мысалы, Жер бетіндегі тауларға тән қасиеттер аспан денесінде де бар екен. Осыдан Жер сондай денелердің бірі ғана деп сеніммен айту мүмкін болды.
Галилей Юпитер планетасының төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы айналу центрінде тек Жер ғана болады деген түсінікті бекерге шығарды. Галилей Күн бетінде дақтар бар екенін аңғарып және олардың орын ауыстыруына қарап, Күн ез осін айналады деп қорытты, «Көктегі мүлтіксіз тазалықтың» үлгісі деп саналатын Күнде дактардың болуы да аспан мен Жерде түпкілікті айырмашылық бар деген идеяны жоққа шығарды.
Құсжолы телескоптын, керу өрісінде толып жатқан бәсең жұлдыздар шоғыры болып шықты. Ендеше, адам санасында Әлем, Аристотель мен Птолемей және орта ғасырдағы шіркеу қызметкерлері түсіндіргендей, Жерді шыр айналатын кіпкішкене бір дүниешік емес, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін ересен зәулім дүние болып табылады Қоперниктің ашқанынан әлемнің құрылымы және аспан денелерінің мекен-жайы жөнінде батыл философиялық қорытындылар шығарған Джордано Бруноға (1548-1600) шіркеу қандай   озбырлық істегенін физика жәнс тарих курстарынан білесіңдер. Әлем құрылысы жайында акикат білімді тарату хақында М.В.Ломоносов (1711-1765) шіркеу қызметкерлеріне қарсы батыл күрес жүргізді. Ломоносов өткір және тартымды тілмен жазылған сықақ өлеңдерінде шіркеу надандарын келемеждеді.
Адам ойын бұғаудан босату, шіркеудің шағын, томаға тұйық догмаларынан безу, табиғатты материалистік тұрғыдан батыл зерттеуге бастау - міне, дүниеге көзқарас үшін Коперник, Бруно және Галилей күресінің ең басты, бүкіл адамзаттық маңызы бар қорытындысы осы.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§11.1.   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Жұлдыздың планеталық жүйесі неден пайда болады?
  2. Астероидтар мен кометаларды зерттеу Күн жүйесінің эвалюциясын дұрыс түсінуге көмектесе алады ма?
  3. Жердің жасын қандай әдістермен анықтауға болады?
  4. Плутон орбитасының сыртында оныншыпланетаның пайда болуы мүмкін бе?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер   шығару. 11.1.1-1.10.1.4
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11.1 Есептер   шығару. 11.1.5-1.10.1.6
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: