Әдістемелік көмек / Физика

Физикадан тесттер - 10 сынып

Физика пәнінен 10 кластарға арналған тест жұмыстары базистік оқу жоспарына сәйкес жасалынды. Тест жұмыстары деңгейлік тапсырмалардан құралған. Тест жұмыстарына 45 минут беріледі.
Физикадан тесттер - 10 сынып

Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау 
 
I деңгей  
 
    Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “зачет” алады. 
 
II деңгей 
 
    Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады. 
 
III деңгей 
 
     Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I, II- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы 5 бағасына сәйкес келеді. 

Тест жұмысы 

Физика 10- сынып 


1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не? 

    А) Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі. 
    Ә) Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйе. 
    Б) Дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы. 
    В) Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. 

2. Қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын дене 

    А) траектория 
    Ә) жол 
    Б) материялық нүкте 
    В) санақ жүйесі деп аталады. 

3. Траектория деп 

    А) Белгілі бір уақыт мезетіндегі және белгілі бір нүктедегі жылдамдық 
    Ә) Материялық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы 
    Б) Жылдамдығының бағыты да, шамасы да тұрақты болатын қозғалыс 
    В) Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады. 

4. Жол дегеніміз 

    А) Дененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі  
    Ә) Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді 
    Б) Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау 
    В) Бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы. 

5. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді 

    А) орын ауыстыру 
    Ә) жол 
    Б) траектория 
    В) барлығы дұрыс 

6. Жылдамдық дегеніміз 

    А) Белгілі бір уақыт мезетіндегі және белгілі бір нүктедегі жылдамдық 
    Ә) Дене қозғалысының шапшаңдығын сипаттайтын шама 
    Б) Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді 
    В) Дұрыс жауап жоқ 
 
 


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: