Сабақ жоспарлары / Физика

Статика элементтері - Физика, 10 сынып, 11 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Статика элементтері
Статика элементтері - Физика, 10 сынып, 11 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: .   Дененің тепе-тевдік  жүйесін  сипатгайтын   шамаларды анықтап, теңдеулерді шешуге жаттықтыратын шараларды ұйымдастыру
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін пайдаланып, механика есептерін шешу жолдарын игеруді дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Физикалык есептерді шығарудың талаптарын орындауға жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: : Баяндау, көрнектілер мен тэжірибелерді көрсету.
Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, айналу өсі бар қатты дене, жүктерр жиыны.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:   
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
  1. Үйге берілген есептердің шығарылу жолдарын түсіндіру.
  2. Қиын есептерді тақтаға мұғалімнің көмегімен шығару.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
  1. Статика тарауы туралы түсінік
  2. Жаңа сабақты окушылар өз бетінше меңгеру шараларын ұйымдастыру. Оқушыларды 5 топқа бөліп, әр топқа оқулықтағы мысалдарды тағайындап, бөліп беру.
1-топ. Қабырғаға α бұрыш жасай ілінген шардың тепе-теңдігінің шартын анықтау.
2-топ. Айналу өсі бар дененін тепе-теңдік шартын анықтау керек.
3-топ. Вертикаль қабырғада біртекті текше ілініп тұру үшін, екеуінің арасындағы үйкеліс күші қандай болу керек.
4-топ. Массалары m, 2m, Зm, 4m, 5m шарлар арақашықтықтары бірдей етіліп, салмақсыз шыбыққа бекілілген, ауырлық орталығын (центірін) анықтау керек.
5-топ. Радиусы    К болатын шардың ішінде радиусы R/2 тесігі бар біртекті шардың ауырлық центрін анықга.
Әр тогтгың өкілдері такгада мысалдарын тақгада түсіндіреді және түсіндіру сапасына карай бағаланады, кателескен жағдайда топ мүшелері көмектесіп, олар да бағаланады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Статика есептерін шешу үшін тепе-теңдік теңдеулерін құру керек.
  1. Ғ = 0 шарты кезінде үдемелі қозғалыс болмайды.
  2. М= 0 шартында үдемелі айналмалы козғалыс болмайды 
  3. Статика есептерін шешуде күштің әрекет ету бағытын, түсу нүктесін, айналу өсін тандап алу керек.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту.4-жаттығу (1,2)
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2.2   4 -жатгығу (1,2,3)1,427-1,434 Есептер жинағы С. Тұяқбаев
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: