Қазақ тілі мен әдебиеті / Рефераттар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуірдегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдағаннан соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

Әскери өмір мен соғыс жылдары


1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери машықтану кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді.1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтық қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шықырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.
Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрған кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-ші арнаулы танкке қарсы шабулдайтын дивизионның командирі болып тағайындалады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарына тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздарды жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді.
Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады. Мәскеуді қорғау майданының Клюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.
1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.


1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.
1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды.
Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен ”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы” жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы


Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды.
1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.

Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы


Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.
Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы – болатын. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.
Бауыржан Момышұлы — «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда Мәскеу» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестінің, «Біздің отбасы» атты повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Сыйақысына ие болады. 1965 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Артымызда Мәскеу» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Батыр Бауыржанның қайсар мінезі мен шындықты сүйгіштігі, т.б.


Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойында қазақы қасиеттер молынан болды. ”Момышұлы” деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.
Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: ”Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?” деген сұрағына ”Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?” — деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. Бұл дегеніміз нағыз өжеттік, қайсарлық. ”Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген халық нақылына келтірілген өмірдің мысалы.
Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.
Б.Момышұлы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімелері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес Әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болғаннан А.Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады.
Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: ”Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан- ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол, алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл, Ұлы жауынгердің қасиетті сөзі”.

Батырдың нақыл сөздері


Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер…
Қарабет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Ептілік те — ерлік.
Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

Қорытынды


Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес МОМЫШҰЛЫ болатын.
Қазірге кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.
Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

Б.Момышұлы туралы Президенттің айтқан сөздері  

   
Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.
Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды. Осы ретте, «Егемен Қазақстан» газетінде 2008 жылы сәуірдің 4-інде жарияланған Көсемәлі Сәттібайдың «Аңыз бен ақиқат» атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік. «...Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та, жазылып та біткен жоқ. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов Жамбыл облысына орнығып, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі атанғалы бері атқарған көптеген сүбелі еңбектерінің бірін, міне, осы батыр мұрағатындағы сарғайған құжаттарды жинақтап, көптомдық әзірлеуге байланысты жасап жатыр десек, артық айтқандық емес. Бұл үшін ғалым алдымен университет қабырғасынан Бауыржантану ғылыми орталығын ашты.... - Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, ?Офицер жазбалары?, ?Ұшқан ұя?, ?Мәскеу ұшін шайқас? және сексенінші жылдары жариялана бастаған ?Қанмен жазылған кітабымен? таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр. Осыған байланысты өз ой-пікіріңізді білсек деп едік. ? Дұрыс айтасың. Бауыржан Момышұлы ? әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады. Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған. - Сонда бұл құжаттар қай жылдарды қамтиды? ? Бұл Баукеңнің 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды. - Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен-ау. ? Рас, Баукеңнің жазушылық таланты ерте оянған. Оның ?менің әкімдік карьерім ? мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік?, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Сұрап қалған екенсің, айтайын, мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) ?Социалистік мал шаруашылығы? деген газетінде ?Тау сағыз бен көк сағыз? деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: ?Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?- деп сұрағанымда, уақыт талабына үн қосып жазған шығармашылығым осы очерк болатын- деп айтып еді. - Тау сағыз бен көк сағыз дегені не сонда?  Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан. Өзің сияқты мен де тұңғыш очеркінің жай-жапсарын Баукеңнен сұрағанымда осылай деп күліп еді. - Бірақ Баукең бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған сияқты ма, қалай ? Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен-саяқ болса, соның бірі Баукең еді». Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес одағының батыры" атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)


Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: