География / Презентациялар

Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары - Презентация, 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары». 
Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары - Презентация, 7 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:   Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
 
Сабақ көрнекілігі:   Зымыран сұрақтар, венн диаграммасы, концептуалды кесте, географиялық диктант, жер шарының физикалық картасы, венн диаграммасы.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі:   Салыстыру, картамен жұмыс, әңгімелесу, баяндау.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға қажетті құралдарын алғызып сабақ   өтуге дайындау, түгелдеу.  
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Географиялық диктант
1. Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы ..................................
2. ХХ ғасырдың бас кезендегі тәуелсіз елдер ....................
3. Шөлді аймақтарда өзендердің кеуіп қалған арналар ...................... көп кездеседі
4. Африканың ең биік нүктесі .......................
5. Материктегі жауын – шашынның ең көп түсетін жері ...........................
6. Ніл өзенінің бойымен Шығыс және орталық Африкаға саяхат жасаған, зерттеген, орыс ғалымы .............................
 7.  Африка атауы материктің солтүстігінде өмір сүрген ................тайпасының атымен байланысты


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: