Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 6 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

География пәнінен 6 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары.
География пәнінен 6 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Тақырыбы: Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға физикалық география пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Физикалық география пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі:Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
                              2. Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі:  Д.ж. картасы, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.

География-ең ежелгі ғылымдардың бірі. Грек тілінде «гео-жер», «графо-жазу». Сонымен «география» сөзі «жерді сипаттап жазу» дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер бетінің және оның жеке бөліктерінің табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді. География негізінен физикалық және экономикалық география болып екіге бөлінеді. География ғылым ретінде ежелгі грекияда туған. Б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған. Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары оған Африканы қосты. ХVғ. соңы мен ХVІІғ. ортасын «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп атайды. ХVғ. атақты неміс картографы Мартин Бехаймның глобусында Еуропа, Азия және Африка бейнеленген. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде д.ж. картасына Африканың бүкіл оңтүстік бөлігі, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді. 1519-1522 ж.ж. Испаниядан шыққан Фернан Магеланның экспедициясы тұңғыш рет д.ж. айнала жүзді. ХХ ғ. 2-жартысында Жер шарындағы ең соңғы ашылған материк Антарктиданы және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу қолға алынды.

ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Кіріспе.

Тақырыбы:Жердің-Күн жүйесіндегі орны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жердің-Күн жүйесіндегі орны, маңызы, ерекшелігі жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:  Жердің-Күн жүйесіндегі орнымен танысқан тұлға
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс.              5. Тірек-сызба.
3. Б.Ү.Ү. кестеі.              6. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:  Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
            1. «География» ұғымы қандай мағана береді?
            2. География қанша бөліктен тұрады?
            3. Дүние бөліктерінің, карталардың пайда болу тарихы.
            4. «Ұлы географиялық ашулар заманындағы» жаңалықтары.
            5. Қазіргі кездегі географиялық зерттеулер.
Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы оқушыларға 9 ірі аспан денелері түсіндіріледі.

4. Кестемен жұмыс.
Оқушыларға Жердің пішіні мен мөлшерін кесте арқылы түсіндіру.

Жер пішініШар тәрізді, геойд, сферойд.
Жер радиусы6371 км
Экватор ұзындығы40000 км
Жердің полюстік радиусының экваторлық радиусынан айырмасы21 км қысқа (полюстік радиусы)

Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Жердің-Күн жүйесіндегі орны.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: