Математика

Геометрия және мінез

Білімділік: Негізгі геометриялық фигуралар туралы алған білімдерін психология саласына қолдану және геометриялық фигуралардың қасиеттерін ашу арқылы өздерінің мінез қасиеттерін сипаттау.
Геометрия және мінез

Сабақ тақырыбы: Геометрия және мінез.
Білімділік: Негізгі геометриялық фигуралар туралы алған білімдерін психология саласына қолдану және геометриялық фигуралардың қасиеттерін ашу арқылы өздерінің мінез қасиеттерін сипаттау.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту және шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды із денімпаздыққа, топпен жұмыс істеуде оқушылардың бойында ынтымақтастықты қалыптастыру және өз ойын жеткізе білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Психология
Көрнекіліктер. Слайд, геометриялық фигуралар, карточка, А4 формат қағаз, стикер.
Сабақ түрі: кіріктірілген
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
3. Конверт сұрақ тәсілі
4. Геометриялық тест
5. «Сіздің ойларыңыз қайда бағытталған» суретті тест
6. Сөйлемді толықтыру...
7. Есеп шығару
8. Тыныштық сәті
9 Сергіту иә жоқ 4сұрақ
10. Шығармашылық тапсырмалар: Ертегіні аяқтау
Неше үшбұрыш бар екенін табу
Әріптерден сөз құрау
11 Фигуралардан адам салу.
12Бағалау
13 Рефлексия
Ұйымдастыру:
Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.
Топтың көшбасшысы арқылы үй тапсырмаларын тексеру.
Конверт - сұраққа жауап беру
Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тезшешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызғушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым. Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсушы, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;
- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.
«Сіздің ойларыңыз қайда бағытталған» суретті тест.
Сіздердің алдыларыңызда тіктөрбұрыш, ортасы дөңгелекше диагональдармен бөлінген. Сіз ағаштың суретін салыңыз. Оны қай жерге салуды өзіңіз қалайсыз
Тестің кілті.
Егер сіз ағашты шеңбердің ішіне салсаңыз, онда сіздің ойларыңыз өзіңізге жәнеөзіңіздің армандарыңызбен қажеттіліктеріңізге бағытталған.
2. Егер сіз ағашты сол жақтағы 1 - 4 секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігің және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдар үшін жанып күйетініңізді және достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді.
3. Егер ағашты сіз жоғарғы секторға 1 - 2 салсаңыз, онда сіздің ойларыңыз биікке және ұзаққа түрлі армандарға бағытталған.
4. Егер ағашты оң жақтағы 2 - 3 секторға салсаңыз, сіз өзіңіздің болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.
5. Егер ағашты төменгі 3 - 4 секторға салсаңыз, онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түр - түсін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз. Арманшыл емес, практиксіз. 6. Егер ағашты шаңбер жасай отырып барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткендіде ұмытпайсыз.
Сөйлемді толықтыру.... Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз...
Ро мб дегеніміз....
Трапецияның орта сызығы деп....
Геометрия елін елестетейік, геометрия елінің тұрғындары - геометриялық фигуралар шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, трапеция. Енді әрбір топ осы фигуралардың біреуін таңдап алады. Таңдаған фигуралары бойынша есеп шығару.
Есеп:
Трапецияның орта сызығының ұзындығы 36см. Табандарының қатынасы 4: 5. Трапецияның табандарының ұзындығын тап.
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі 5см, ал табаны 24 см. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын тап
Тең бүйірлі трапецияның табандары 5см және 17 см. Ал бүйір қабырғасы 10см. Трапецияның биіктігін тап.
Трапецияның орта сызығының ұзындығы 36см. Табандарының қатынасы 4: 5. Трапецияның табандарының ұзындығын тап.
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі 5см, ал табаны 24 см. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын тап
Тең бүйірлі трапецияның табандары 5см және 17 см. Ал бүйір қабырғасы 10см. Трапецияның биіктігін тап
Тыныштық сәті
Сергіту сәті «иә» жауабында қолдарын алдыға созу, «жоқ» жауабында кез келген жаққа қолдарын созуға болады ( төрт сұрақ)
1. Өзара қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады. иә
2. Сыбайлас бұрыштар тең жоқ
3. Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға катет деп аталады. жоқ
4. Үшбұрыштың орта сызығы үшінші қабырғасына параллель және оның жартысына тең. Иә
Шығармашылық тапсырмалар:
1. Ертегі аяқтау:
Бірде барлық үшбұрыштар жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңесті. Олар бір тоқтамға келе алмады. Сонда бір үшбұрыш: Бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық деді.
Барлық үшбұрыш соған келіседі. Ертеңіне таңмен барлығы жолға шығады. Келе жатса алдарынан өзен шығып: Менен тек бар барлық бұрыштары сүйір үшбұрыштар ғана өтеді» дейді. Сонымен үшбұрыштардың кейбіреуі өте алмай қалады, қалғандары өзеннен өтіп, ары қарай жолға шығады....
2. Неше үшбұрыш бар?
3. Сабаққа байланысты сөздерді табу
Фигуралардан адам құрастыру
Бағалау.
Рефлексияны диаграмма арқылы көрсету

ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы,
"Благодарное орта мектебі" КММ
математика пәнінің мұғалімі
Жумакулова Маржан Бейсенқызы
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: