Оқушыларға

Мен елімнің патриотымын!

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты. Патриотизм барлық адамда болу керек сезім! Кез келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең алдымен ата-ана тәрбиесі, содан соң ұстаздан алған тәлімі. Жалпы патриот деген не? Оны қалай түсінеміз....
Мен елімнің патриотымын!

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты. Патриотизм барлық адамда болу керек сезім! Кез келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең алдымен ата-ана тәрбиесі, содан соң ұстаздан алған тәлімі. Жалпы патриот деген не? Оны қалай түсінеміз.

Патриот, патриотизм дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғымдардың бірі. Бұл сөздің мағынасын қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен жеткізу мүмкін емес. Патриот деген өз отаның жан тәнімен құрметтеп жақсы көру. Патриот болу ол қиын емес, өзінің тілімен елімен мақтансаң, міне сен патриотсың. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанар болсан, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді.

Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас буындардың бойында патриоттық не ұлттық патриоттық сана сезімдерің қалыптастыруда зиянын тигізіп жатқан ақпараттар құралдары өте көп. Жастардың бойында мәдениетімізге, қазақи барлық құндылықтарымызға, иманға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, жастарды отанымызды құрметтеуге тәрбиелесек, еліміздің рухани байлығын сақтаймыз. Сол үшін де жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстан патриоттары болайық!        
Қарой ЖОББМ 11 сынып оқушысы Рамазан Айнұр Еркешқызы 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: