Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 48 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 48 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Есептер жинағынан есептер шығарту.
  1. Ядросында 6 протон және 8 нейтрон бар нейтрал атомның электрондар қабатында қанша электрон болатынын анықтаңыз.
  2. Менделеевтің кестесінде реттік нөмірі Z элементтің ядросының a-ыдырауы нәтижесінде пайда болған элементтің реттік нөмірі қандай?
  3. Фотоэлектрондардың платина бетінен шығу жұмысы 5,3 эВ. Платина  үшін фотоэффектінің ұзын толқындағы (қызыл) шекерасы қандай?
  4.  Егер фототок жапқыш кернеуі 200 кВ болған кезде тоқтаса, онда рентген түтігіндегі катодтан жұлып шығарылған электрондардың жылдамдығын анықтаңдар.
  5. a-бөлшегінің құрамы қандай?
  6. Менделеевтің кестесінде реттік нөмірі Z элементтің ядросының b-ыдырауы нәтижесінде пайда болған элементтің реттік нөмірі қандай?
  7.  Вольфрам үшін фотоэффектінің  ұзын толқынды қызыл шекерасы 180 нм. Электрондардың вольфрам бетінен шығу жұмысын табыңдар.
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.

  1. Қандай жағдайда рентгендік сәулелер пайда болады?
  2. Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
  3. Электродтарға кернеу түсірілсе, зарядталған бөлшектер не себептен үдеу алады?
  1. Қандай элементтер радиоактивті элементтер дейді?
  2. Радиактивті сәулелену дегеніміз не?
  3. Атомның планетааралық моделі қандай тәжірибеге негізделген?
  4. Атом ядросының құрамы қандай?
  1. Квант гипотезасы қалай оқылады?
  2. Квант дегеніміз не?
  3. Фотоэффект дегеніміз не?
  4. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
  5. Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы қалай жазылады?
  6. Жарық дуализм дегеніміз не?
  7. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?
  8. Фотоэффектінің қызыл шекарасы  деп нені айтады?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: