Бастауыш сыныптар

Бесік жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 2. 2. 4. 1 мақал - мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс - салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2. 2. 1. 2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу...
Бесік жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
2. 2. 4. 1 мақал - мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс - салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
2. 2. 1. 2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиеті түрлерімен таныстыру.
Бесік жыры туралы білу.
Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Жұптық, топтық тапсырмаларды орындау.
Педагогтің іс - әрекеті
Мұғалім оқушыларға сәлемдесу түрін айтқызып, әдептілікке баулу
Шаттық шеңберін құруды ұсынады
BilimLand порталы бойынша үй тапсырмасын толық тексеріп алу
Үй тапсырмасын сұрау
Жоспар бойынша айтуға мүмкіндік жасау
1. Нартайдың күнделікті дағдысы
2. Сәлемші балалар
3. Әженің байғазы беруі
4. Нартайдың атасына сұрағы
5. Атасының жауабы
6. «Байғазы» дәстүрі туралы толық анықтама
Суреттер топтамасын жариялайды
Интербелсенді тақтадағы суреттер бойынша оқушылардың жаңа сабаққа белсенді араласуын қадағалайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Ауыз әдебиеті туралы оқулықта берілген ақпаратты айтып өтеді
Мұғалім оқушылардың өздері көрген бесік туралы не білетіндерін жетелеуші сұрақтар арқылы айтуға көмектеседі.
1. Кімнің үйінде бесік бар?
2. Сен бесікке жаттың ба? Саған ұнады ма?
3. Бесік не үшін қажет?
4. Бесікті неден жасайды?
5. Бесікті ата бабаларымыз қандай мақсатта ойлап тапты?
6. Бесік туралы қандай мақалдар білесіңдер?

​Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: