Бастауыш сыныптар
Жігіт сұлтаны - 2023
Мұғалім: еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын айрықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн менен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі....
Мұғалім: еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын айрықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн менен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз – жыл басы болып саналады. Ата – бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той – думан мен ойын – күлкі, ән – жырмен атап өткен.
Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,
Көңілін үлкен – кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер – азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін, - дегендей, Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, елімізде молшылық болсын!
1. Хор «Наурыз жыры»
Осы ұлыстың ұлы күніне орай жігіттеріміздің арасында «Жігіттер сұлтанын» өткізбекпіз.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін «Сұлтан» атанбақ.
Ортаға жігіттер шығады.
Уа, жігіттер, жігіттер
Бар өнерді салыңдар.
Сұлтан атын лайықты,
Біреуің жеңіп алыңдар.- дей келе жігіттерімізге сәттілік тілейік.
1. Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды көрсетуге.
Тыңдаңыздар, халайық, жігіттердің,
Өздерін таныстыру кезеңінде.
1 - кезең таныстыру кезеңі
2. Би «Бипыл»
2. Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
2 - кезең Ойлан, тап (сұрақ - жауап)
1. Жеті атаны ата
(Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Жыл мезгілдерін ата.
3. Көктем айларын ата.
4. «Наурыз» қандай ұғымды білдіреді? (Жаңа күн)
5. Наурыз күні жасалатын ұлттық тағам.
6. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды ата.
7. Ұлттық ойындарды ата. ( көкпар, алтыбақан, қыз қуу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т. б.)
8. Апта күндерін ата
9. Наурыз айы туралы не білесің?
10. Төрт түлікті ата.
11. Ер қанаты не? Төлі қалай аталады?
12. Амандасу түрлерін ата.
3. Хор «Көктем»
3. Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Жігіт төмен көрінбес,
Сайыста жүрсе қалыспай.
3 - кезең Білекті бірді жығар... (күш сынасу)
4. Қазақша бимен ортаға аруларымызды шақырамыз
4. Тойда өнер сынайық,
Өнер жасқа лайық.
Жеңіске жетер бірлескен,
Ал, кәне, шапшаң жинайық.
4 - кезең Сурет құрастыру (қиылған бөліктерден)
Асыл анам, анашым – айтар әнім,
Аймалаумен бейнеңді жәй табамын.
Аман жүрсем өмірде ақ сүтіңді,
Үлбіреген жыр – гүлмен қайтарамын.
5. Хор «Анаға тілек»
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қашанда икемің бар,
Бар өнеріңді бүгін сен ортаға сал.
5 - кезең Өз өнері
6. «Ертегілер» әнімен ортаға Батырбекова Лунараны шақырамыз
Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Қазылар алқасына сөз беріледі.
7. Қабидаш Асылжанның орындауында қазақ биі
Өнермен өрге жүзіп шарықтаңдар,
Мақсатыңды талаппен анықтаңдар.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Қуантады өздеріңді танытқаның – дей келе
бүгінгі сайысымыз аяқталды.
8. Хор «Қазақы дастарханы»
Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,
Көңілін үлкен – кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер – азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін, - дегендей, Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, елімізде молшылық болсын!
1. Хор «Наурыз жыры»
Осы ұлыстың ұлы күніне орай жігіттеріміздің арасында «Жігіттер сұлтанын» өткізбекпіз.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін «Сұлтан» атанбақ.
Ортаға жігіттер шығады.
Уа, жігіттер, жігіттер
Бар өнерді салыңдар.
Сұлтан атын лайықты,
Біреуің жеңіп алыңдар.- дей келе жігіттерімізге сәттілік тілейік.
1. Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды көрсетуге.
Тыңдаңыздар, халайық, жігіттердің,
Өздерін таныстыру кезеңінде.
1 - кезең таныстыру кезеңі
2. Би «Бипыл»
2. Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
2 - кезең Ойлан, тап (сұрақ - жауап)
1. Жеті атаны ата
(Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Жыл мезгілдерін ата.
3. Көктем айларын ата.
4. «Наурыз» қандай ұғымды білдіреді? (Жаңа күн)
5. Наурыз күні жасалатын ұлттық тағам.
6. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды ата.
7. Ұлттық ойындарды ата. ( көкпар, алтыбақан, қыз қуу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т. б.)
8. Апта күндерін ата
9. Наурыз айы туралы не білесің?
10. Төрт түлікті ата.
11. Ер қанаты не? Төлі қалай аталады?
12. Амандасу түрлерін ата.
3. Хор «Көктем»
3. Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Жігіт төмен көрінбес,
Сайыста жүрсе қалыспай.
3 - кезең Білекті бірді жығар... (күш сынасу)
4. Қазақша бимен ортаға аруларымызды шақырамыз
4. Тойда өнер сынайық,
Өнер жасқа лайық.
Жеңіске жетер бірлескен,
Ал, кәне, шапшаң жинайық.
4 - кезең Сурет құрастыру (қиылған бөліктерден)
Асыл анам, анашым – айтар әнім,
Аймалаумен бейнеңді жәй табамын.
Аман жүрсем өмірде ақ сүтіңді,
Үлбіреген жыр – гүлмен қайтарамын.
5. Хор «Анаға тілек»
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қашанда икемің бар,
Бар өнеріңді бүгін сен ортаға сал.
5 - кезең Өз өнері
6. «Ертегілер» әнімен ортаға Батырбекова Лунараны шақырамыз
Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Қазылар алқасына сөз беріледі.
7. Қабидаш Асылжанның орындауында қазақ биі
Өнермен өрге жүзіп шарықтаңдар,
Мақсатыңды талаппен анықтаңдар.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Қуантады өздеріңді танытқаның – дей келе
бүгінгі сайысымыз аяқталды.
8. Хор «Қазақы дастарханы»
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: