Қазақ тілі мен әдебиеті

Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы

— Олай болса, балалар, осы әліппе оқулығының алғашқы құрастырушысы кім екенін білеміз бе? — Ол, Ахмет Байтұрсынов атамыз. Бүгінгі викториналық ойынымызда Ахмет Байтұрсынов атамыз туралы зерттеп, кеңірек танып білеміз...
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы

Барысы:
Оқушыларға сұрақ:
— Іші толған әріпке,
Ғылымдағы жарық не?
— Барлық ілім - білімнің
Анасы осы — Әліппе
— Олай болса, балалар, осы әліппе оқулығының алғашқы құрастырушысы кім екенін білеміз бе?
— Ол, Ахмет Байтұрсынов атамыз. Бүгінгі викториналық ойынымызда Ахмет Байтұрсынов атамыз туралы зерттеп, кеңірек танып білеміз
Ендеше, мына бейнетаспаға назар аударайық /бейнеқойылым көрсетіледі/

https://youtu.be/OfVlSRglu0E


Енді балалар, Ахмет атамыз туралы өмірбаянын толығырақ бейнетаспадан тыңдап көрейік.
Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! – деп Ахмет атамыз айтқандай, өмірі өнеге болған атамыздың шығармалары бойынша білетінімізді ортаға салайық!
І топ – Ахмет атамыздың нақыл сөзін
ІІ топ — Ахмет атамыздың мысал өлеңнен аудармасын



ІІІ топ – Ахмет атамыздың балаларға арналған өлеңін

https://youtu. be/gChCSRCvjkM
 — Жарайсындар, балалар, сонымен қатар Ахмет атамыз заманның қиыншылығын да көп көргенін білеміз. Сол уақытта анасына, достарына арнап әндер де жазған екен. Сол «Анаға хат» атты әнді бейнетаспадан тыңдап көрейік.
Рахмет, балалар, енді Ахмет атамыз туралы білген мағлұматтарымызды қорытындылай келе викториналық сұрақтарға жауап берейік.
1. Ахмет атамыз бізді не алуға шақырды? білім
2. Ахмет атамыз қандай партия құрды? Алаш
3. Ахмет атамыз Алаштың көрнекті..? қайраткер
4. Ахмет атамыз Қостанай облысының қай өңірінде туған? Торғай
5. Ахмет атамызды Ұлт … деп атаймыз? Ұстаз
6. Ахмет атамыздың алғашқы жинағы қандай? Қырықмысал
7. Ахмет атамыздың екінші жинағы қандай? Маса
8. Өлең шығаратын адамды кім дейміз? Ақын
9. 1895 жылы қай мектепте оқыды? Орынбор
10. Ахмет атамыз қай облыста туған? Қостанай
11. Тіл маманын кім дейміз? Лингвист

https://youtu. be/5tOEHqbxqw8
Оқушылар, бүгінгі біздің викториналық ойынымыз өз мәресіне жетті. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: