Қазақ тілі мен әдебиеті

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. Тәмпіш қара.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 5. 2. 3. 1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау 5. 2. 4. 1. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап...
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. Тәмпіш қара.

Бөлім:«Адамгершілік - асыл қасиет»



Мектеп: Б. Түлкиев атындағы жом Пәні: қазақ әдебиеті



Күні: 01. 02. 2023ж.



Мұғалімнің аты - жөні: Дүйсебаев Ә.




Сынып: 5 «Г»



Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы



Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. Тәмпіш қара.



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



5. 2. 3. 1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
5. 2. 4. 1. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу



Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар: «Менің атым Қожа» хикаятындағы көркем бейнелеулер мен суреттеулерді табу, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап жазу;
Көпшілігі: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының қолданысын анықтау, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазу;
Кейбір оқушылар: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) мағынасын анықтау, қолданысын талдау, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.



Сабақ барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар



Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
Тренинг «Мен досымды.... теңеймін. Себебі....»
Не үшін қолдандың? Несімен ұқсаттың?
Шығармадан өзіңе қандай әсер алдың?
Қызығушылықты ояту
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді.
«Сәйкестендіру» стратегиясы. Оқушылар әдеби - теориялық ережелерді анықтамасымен сәйкестендіреді.


Көркемдегіш құралдың аты



Анықтамасы



Теңеу



Заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр - сипатын бейнелі түрде айрықша белгісін айқындаушы сөз.



Портрет



Тура мағынадан туылатын туынды мағына.



Тура мағына



Көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.



Эпитет



Көркем шығармадағы кейіпкердің болмыс - бітімі, кескін - келбеті.



Кейіпкер



Заттың не құбылысты атап білдіретін бастапқы мағына.



Ауыспалы мағына



Затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, екінші бір затқа немесе құбылысқа теңеу. 

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады
Оқушылар әдеби - теориялық ережелерді анықтамасымен сәйкестендіреді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



 ҚБ
«Түстер»




5 - сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы
Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы



Мағынаны тану.
Тапсырма. «Концептуалды кесте» стратегиясы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін үзінділер табыңыз. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңыз. Өз сөзіңізбен мағынасын түсіндіріңіз.


Бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдер



Қай кейіпкер
ге тән



Көркемдегіш құрал түрі



Мағынасы









































Дескриптор:


Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін

3 сөйлемді табады;


Олардың қай кейіпкерге қатысты екенін жазады;



Анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды;



Әр суреттеу құралының мағыналарын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

Тапсырма. «Кейіпкерді таны» әдісімен бір оқушы шығып, кейіпкердің қасиеттері мен іс - әрекеттерін айта бастайды. Басқа оқушылар оның қай кейіпкер екенін табады.
Дескриптор:


кейіпкердің қасиеттері мен іс - әрекеттерін сипаттайды;



сипатталған қасиеттер мен іс - әрекеттер қай кейіпкерге тән екенін анықтайды.

Тапсырма. «Кейіпкерге хат». Оқушылар шығармадан алған әсерлерін бөлісе отырып, өздері қалаған кейіпкерлеріне хат жазады.
Дескриптор:
• хат құрылымын сақтайды;
• алған әсерлерін сипаттайды;


қалаған кейіпкеріне хат жазады.

Ой қорыту.
«Серпілген сауал» әдісімен оқушылар бір біріне бөлім бойынша сұрақтар қояды.



Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін үзінділер табыңыз. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңыз. Өз сөзіңізбен мағынасын түсіндіріңіз.
«Кейіпкерді таны» әдісімен бір оқушы шығып, кейіпкердің қасиеттері мен іс - әрекеттерін айта бастайды. Басқа оқушылар оның қай кейіпкер екенін табады.
Сабақты бекіту мақсатында ойларын қорытындылай
ды.



ҚБ «Одағайлар» әдісі



5 - сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы
Оқулықпен жұмыс
А3 парағы, оқу
лық, маркер
стикер



Сабақтың соңы



Кері байланыс
«Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы кері байланыс алынды.








Үй жұмысы



Тәмпіш қара бөлімін оқу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: