Тарих
Алаш Орда үкіметі (106 жыл)
Бүгінде біз қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған халықпыз. Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Ата - бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан - байтақ жерімізді бізге қалдырып кетті....
Алаш Орда үкіметі (106 жыл)
Бүгінде біз қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған халықпыз. Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Ата - бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан - байтақ жерімізді бізге қалдырып кетті. Осындай тәуелсіздік жолында күрес жүргізгендер қатарында Алаш зиялылары да болды. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Алаш қайраткерлерінің Алаш автономиясының құруындағы басты түрткісі, қараңғылық пен надандықтың шырмауында болған қазақ халқының болашақ тағдырын ойлап, мәдениеті, тілі, діні не болмақ деп қатты ойланып, толғанып осы қазақ халқының жерін аман сақтап қалу мақсатында «Алаш» автономиясының құруға бел буады. Нәтижесінде 1917 жылдың 5 - 13 желтоқсан аралығындаОрынборда екінші жалпы қазақ съезді өтті. Сол съезде Алашорда үкіметі құрылып, Алаш автономиясы жарияланды.
Биыл, Алаш автономиясының құрылғанына жарияланды 106 жыл толды. Кезінде ұлы ғұлама ғалым Әл - фарабидің: «Тарихты білмей - келешекті болжау қиын» - демекші, біз осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін талай сынды бастан өткізген халықпыз. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қазақ ұлты көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға ұшырап, талай азапты жолдардан өтті. Қаншама батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді жолында өмірден өтті, осындай тәуелсіз мемлекет құруды армандап кетті. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Кеңестік дәуірде Алаш қайраткерлерінің еңбектері бағаланбай сол күйінде қалып, қуғын - сүргінге ұшырап кетті. Алаш қайраткерлері қазақ елі, жері үшін тәуелсіздік жолында соңғы демі біткенше күресіп, еркіндікті армандап кетті. Қазіргі таңда біз Алаш орда қозғалысы сияқты ұлт тарихында ерекше орны бар тарихи құбылысты атап өту мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Кеңес үкіметі тұсында Алаш партиясы және Алаш қайраткерлері туралы тақырып жабулы күйінде қалды. Олар туралы айтқандар саяси тұрғыдан қуғынға ұшырады.
Осы мақсатта біздің қазақ зиялыларымыз көптеген жұмыстарды атқарды. Сағымданған тарихқа алаш қайраткерлерінің өзіндік бір қоғамға сіңірген ерең еңбектері бар, айталық Әлихан Бөкейханов көшбасшы ретінде танылып, халқымызды алға тартса, Міржақып Дулатов газет беттеріне, кітаптармен және де өлеңдермен бұхара халықтың санасын оята білді. Ал Әлімхан Ермеков қазақ жерін қорғауда үлкен еңбек сіңірді. Мысалға, Ленинді иландырып Каспийден 1 шақырым жерлер және Ертіс маңайындағы шұрайлы жерлерді қазақ жеріне қайтарып алды.
Жалпы «Алаш» партиясының тарихи маңызы өте зор. Тарихтан тағылым ХХ ғасырдың басында дүниеге келген «Алаш» партиясы - Кіндік Азияны, Ресейді мекен еткен, бодандықта тұрған барша түркі тілдес халықтар ішіндегі тұңғыш ұйымдардың бірі. Оның көш басшылары қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Жаһанша Досмұқамет, Халел Досмұқамет т. б. Ресей бодандығындағы барша түркі қандас ұлттардың да саяси, әрі рухани көсемі дәрежесіне дейін жеткен ірі тұлғалар екенін ашып айтуымыз керек. Бірақта көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер, Алаш автономиясының жұмысы тоқтады. Өкінішке орай қазақ зиялылары қуғын - сүргінге ұшырап, халық жауы ретінде атылып кетті. Cөйтіп Алаш автономиясы өз жұмысын тоқтатады. Алаш қайраткерлері шыңына келгенде өмірдің рахатын көре алған жоқ, енді осы зиялылардың орасан зор еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау, санасына сіңіру біздің міндетіміз деп санаймын.
Алаш - қазақ үшін қасиетті ұғым. Арғы жағында қандай тарих, қандай түсінік жатқанына қарамастан, бүгінгі жұртшылық бұл ұғымды тәуелсіздік үшін күрескен қазақ зиялыларымен тікелей байланыстырады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т. ғ. к., профессор Г. Б. Қозғамбаева
1 - курс магистранты К. З. Ескендиров
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: