Жұмбақтар
Қызықты жұмбақтар жауабымен
Қозғалмай бір орнында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, Және де көбеймекке талап қылар. [spoiler=Жауабы]Ағаш
Даусы азанда,
Жақсылығы қазанда.
[spoiler=Жауабы]Бұзаулы сиырдың мөңірегені
Бiр тұтам, екi тұтам
Басы айыр жүндi тұтам.
[spoiler=Жауабы]Сирақ, бақайшақ
Жездекем бастап барады,
Жез түймесiн тастап барады.
[spoiler=Жауабы]Жылқының тезектері
Айтарын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.
[spoiler=Жауабы]Малдың өті
Ұзын сабалақ есiк ашты,
Қара домалақ тұра қашты.
[spoiler=Жауабы]Түйенің құмалағы
Дүниеде ағаш бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған,
Ағаштың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той - тойлаған.
[spoiler=Жауабы]Түйе және оның өркеші
Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.
[spoiler=Жауабы]Қаз
Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.
[spoiler=Жауабы]Тауық
Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қалады - ай.
[spoiler=Жауабы]Қаз
Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ.
[spoiler=Жауабы]Жарқанат
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
[spoiler=Жауабы]Жапалақ
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
[spoiler=Жауабы]Жұмыртқа
Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.
[spoiler=Жауабы]Түйеқұс
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?
[spoiler=Жауабы]Сауысқан
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.
[spoiler=Жауабы]Тоты
Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.
[spoiler=Жауабы]Шағала
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.
[spoiler=Жауабы]Аққу
Жапанның желдей жүйрiгi,
Жетедi көктiң бұйрығы.
Жеткенде бұйрық, апыр - ай,
Шошаңдай берер құйрығы.
[spoiler=Жауабы]Бүркіттің қоян алуы
Япырым - ау, бір мақұлық осындай - ау,
Қасында екі сойыл емес жаяу,
Шабатын өткір оның қылышы бар,
Қолына түскен жанды болмайды аяу,
Жымқырып қиып алып шықса кәне,
Аспанның ол бір түрлі нажағайы - ау.
[spoiler=Жауабы]Бүркіт
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
[spoiler=Жауабы]Орамжапырақ
Пошымы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.
[spoiler=Жауабы]Картоп
Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
[spoiler=Жауабы]Пісте
Бір тауық балапан басты жерге кіріп,
Баласын шығармақшы жерде жүріп.
Ол жерден мойнын созып балалады,
Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.
[spoiler=Жауабы]Жүгері
Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.
[spoiler=Жауабы]Күріш
Бала - бала, балалар,
Мүйізінен су шіп,
Таяғынан балалар.
[spoiler=Жауабы]Тары
Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.
[spoiler=Жауабы]Бидай
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.
[spoiler=Жауабы]Жаңғақ
Тәтті.
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
[spoiler=Жауабы]Өрік
Кішкентай ғана құтыша,
Іші толған мықша.
[spoiler=Жауабы]Анар
Арбиған әкесі бар,
Тарбиған шешесі бар.
[spoiler=Жауабы]Шие ағашы
Қозғалмай бір орнында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
[spoiler=Жауабы]Ағаш
Басына үлпүлдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
[spoiler=Жауабы]Қамыс
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,
Ұрғанда созылады қайран қалдым.
[spoiler=Жауабы]Темір
Әне барды өзі,
Көрінбейді ізі.
[spoiler=Жауабы]Жел
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.
[spoiler=Жауабы]Қардың еруі
Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта - ақ.
[spoiler=Жауабы]Бұршақ
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол - аяқ қаз тұрады.
[spoiler=Жауабы]Қар
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
[spoiler=Жауабы]Боран
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.
[spoiler=Жауабы]Терезедегі қырау
Кетпейді қасымнан
Сипайды шашымнан.
Желпиді, өбеді,
Бетіме төнеді.
Емес ол жырақта
Көрінбес бірақ та.
[spoiler=Жауабы]Самал
Жақсылығы қазанда.
[spoiler=Жауабы]Бұзаулы сиырдың мөңірегені
Бiр тұтам, екi тұтам
Басы айыр жүндi тұтам.
[spoiler=Жауабы]Сирақ, бақайшақ
Жездекем бастап барады,
Жез түймесiн тастап барады.
[spoiler=Жауабы]Жылқының тезектері
Айтарын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.
[spoiler=Жауабы]Малдың өті
Ұзын сабалақ есiк ашты,
Қара домалақ тұра қашты.
[spoiler=Жауабы]Түйенің құмалағы
Дүниеде ағаш бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған,
Ағаштың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той - тойлаған.
[spoiler=Жауабы]Түйе және оның өркеші
Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.
[spoiler=Жауабы]Қаз
Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.
[spoiler=Жауабы]Тауық
Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қалады - ай.
[spoiler=Жауабы]Қаз
Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ.
[spoiler=Жауабы]Жарқанат
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
[spoiler=Жауабы]Жапалақ
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
[spoiler=Жауабы]Жұмыртқа
Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.
[spoiler=Жауабы]Түйеқұс
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?
[spoiler=Жауабы]Сауысқан
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.
[spoiler=Жауабы]Тоты
Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.
[spoiler=Жауабы]Шағала
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.
[spoiler=Жауабы]Аққу
Жапанның желдей жүйрiгi,
Жетедi көктiң бұйрығы.
Жеткенде бұйрық, апыр - ай,
Шошаңдай берер құйрығы.
[spoiler=Жауабы]Бүркіттің қоян алуы
Япырым - ау, бір мақұлық осындай - ау,
Қасында екі сойыл емес жаяу,
Шабатын өткір оның қылышы бар,
Қолына түскен жанды болмайды аяу,
Жымқырып қиып алып шықса кәне,
Аспанның ол бір түрлі нажағайы - ау.
[spoiler=Жауабы]Бүркіт
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
[spoiler=Жауабы]Орамжапырақ
Пошымы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.
[spoiler=Жауабы]Картоп
Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
[spoiler=Жауабы]Пісте
Бір тауық балапан басты жерге кіріп,
Баласын шығармақшы жерде жүріп.
Ол жерден мойнын созып балалады,
Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.
[spoiler=Жауабы]Жүгері
Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.
[spoiler=Жауабы]Күріш
Бала - бала, балалар,
Мүйізінен су шіп,
Таяғынан балалар.
[spoiler=Жауабы]Тары
Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.
[spoiler=Жауабы]Бидай
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.
[spoiler=Жауабы]Жаңғақ
Тәтті.
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
[spoiler=Жауабы]Өрік
Кішкентай ғана құтыша,
Іші толған мықша.
[spoiler=Жауабы]Анар
Арбиған әкесі бар,
Тарбиған шешесі бар.
[spoiler=Жауабы]Шие ағашы
Қозғалмай бір орнында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
[spoiler=Жауабы]Ағаш
Басына үлпүлдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
[spoiler=Жауабы]Қамыс
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,
Ұрғанда созылады қайран қалдым.
[spoiler=Жауабы]Темір
Әне барды өзі,
Көрінбейді ізі.
[spoiler=Жауабы]Жел
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.
[spoiler=Жауабы]Қардың еруі
Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта - ақ.
[spoiler=Жауабы]Бұршақ
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол - аяқ қаз тұрады.
[spoiler=Жауабы]Қар
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
[spoiler=Жауабы]Боран
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.
[spoiler=Жауабы]Терезедегі қырау
Кетпейді қасымнан
Сипайды шашымнан.
Желпиді, өбеді,
Бетіме төнеді.
Емес ол жырақта
Көрінбес бірақ та.
[spoiler=Жауабы]Самал
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: