Білімді табысқа айналдыру: Daryn Teacher мен Tutor қандай артықшылықтарға ие?
Білім – адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Технологияның қарқынды дамуына қарай әлем бойынша дәстүрлі оқыту формасы жиі өзгерістерге ұшырады. Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты карантиндік режим онлайн оқыту жүйесімен табыстырды. Онлайн кезінде де оқытудың эффективтілігіне назар аударылды. Қашықтан оқыту мұғалімдерге жаңа дағдыларды игеруге, кәсіби дамуға мүмкіндік берді.
Бүгінде қосымша білім алғысы келетін жандардың саны артып жатыр. Оған басты себеп – әдеттегі оқудың онлайн жүйеге ауысуы. Бұған дейін де қосымша білім алу үшін репетитор іздеп сандалған оқушылардың қарасы аз болды дей алмаймыз. Бірақ сұраныстың өскені белгілі. Статистикаға сүйенсек бес оқушының біреуі репетитордың көмегін қажет етеді екен.
Daryn Tutor платформасының негізгі мақсаты – жоғарыда айтылған мәселені шешу. Яғни үздік ұстаздарды білікті репетитор ретінде танытып, қоғамды сапалы біліммен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда платформаға тіркелген мыңға жуық ұстаз өзінің білетінімен бөлісуге дайын. Репетитор ретінде тек қана кәсіби мұғалімдер ғана емес, білімді студент жастар да тіркеле алады. Одан бөлек ұстаз оқушының білім сапасын арттырып ғана қоймай, өзі де қосымша табыс табады.
Daryn Tutor арқылы жалпы білім бағдарламасына, қосымша сабақтарға, ҰБТ-ға, еліміздегі түрлі зияткерлік мектептердің емтиханына, олимпиадаларға дайындық жүргізуге болады. Онымен қоса, репетиторлар тізімінде домбыра, гитара сынды түрлі аспапта ойнауды үйрететін, сөйлеу мәнеріне, театр өнеріне баулитындар да кездеседі. Былайша айтқанда, қай арнаға жақынсыз, қай іске толық төселгенсіз – сонымен табыс табуға барлық мүмкіндік жасалған. Сіз жәй ғана тіркеліп, өз анкетаңызды қалдырсаңыз жеткілікті. Қапы қалмай, білім саласын жаңа арнаға түсірейік.