Басқа материалдар / Физика

Физикадан бақылау жұмысы - 9 сынып

Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика неіздері. Тербелістер.  Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау.  Б.Б.Д. Оқушылар үдеу,  тербеліс периоды, тербеліс жиілігі, серіппелі және математикалық маятниктердің тербеліс периоды формулаларын білуі тиіс, Ньютонның екінші заңын, бүкіләлемдік тартылыс заңын қолдана алуы тиіс.      
Физикадан бақылау жұмысы - 9 сынып

I нұсқа 
 
  1.  2,5 кН жүкті көтере алатын арқан үзіліп кетпес үшін, массасы 0,2 т жүкті көтеруге болатын үдеуді тап. 
  1. Массасы 50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н. Двигательдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісін тап. 
  1. Қатаңдығы  Н/м серіппеге ілінген, массасы 0,2 кг дененің еркін тербелісінің жиілігін анықта. 
  1. Марстағы еркін түсу үдеуін есепте. Марстың массасы кг, радиусы 3300 км, гравитациялық тұрақты /.

II  нұсқа 
 
  1. Жылдамдығы 54 км/сағ автобустың 2 м/с2 үдеумен қозғалып, тоқтағанға дейінгі орын ауыстыруын тап 
  1. Массасы  кг пойыз 150 кН тежеуші күші әсерінен 500 м жол жүріп барып тоқтады. Оның келе жатқан жылдамдығын тап.  
  1. Серіппеге ілінген жүк 2 мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасын тап. 
  1. Юпитер планетасының радиусы  м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2 тең. Гравитациялық тұрақты /. Планетаның массасын есепте. 
 

Пікір қалдыру (1)

Пікірлер:
root
root Әкімшілік 13 қараша 2020 11:58
Өте жақсы, рахмет!

Басқа материалдар: