Әдістемелік көмек / Физика
Физикадан 7-сыныпты тереңдетіп оқытуға арналған факультативтік курсының бағдарламасы
7 сыныптың оқушыларына факультатив курс бойынша құрастырылған «Физика» бағдарламасы физиканы кеңейтіп оқуға арналған және 68 сағатқа есептелген. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың физика пәніне және физикалық эксперимент жасауға деген танымдық қызығушылығын арттыруға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған.
Факультативтік курсы оқушылардың алған білім, білік-дағдыларын есептер шығаруда және күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білуге, қоршаған ортада қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруге дағдыландыруға, оқушыларға жеткілікті көлемде танымдық материалдар беруге негізделген. Курстың мақсаты: оқушылардың табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, тірі және өлі табиғат әлемінің адам өміріндегі рөлін анықтау, табиғаттағы өзгерістерді адам өмірімен байланыстыру, табиғатты бағалап, қорғауға үйрету.
- Физика және астрономия табиғат туралы ғылымдар- 4 сағат.
- Заттың құрылысы- 5 сағат.
- Қозғалыс- 12 сағат.
- Бізді қоршаған орта- 4 сағат.
- Масса және күш- 15 сағат.
Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: