Сабақ жоспарлары / Физика
Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. - Физика, 8 сынып, 7 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: жылу мөлшері ұғымын беру және оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау;жаңа физикалық шама заттың меншікті жылу сыйымдылығы және оның өлшем бірліктеріи енгізу.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1) Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
2)Дененің ішкі энергиясын өзгерту әдістері.
3)Жылу берілу түрлері.
4) Жылу берілу кезінде энергияның бір денеден екінші денеге өтуі.
5) Ішкі энергияларын салыстыр:
а) т1 > т2
б)t1>t г
В) r1 > r2
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтағы негізгі ұғымдар.
Жылу берілу (жьшу өткізгіштік, конвекция жэне сэулслену) кезінде бір денеден екінші денеге энергияның берілуі. Жылу мөлшері-жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы.
Денеге берілетін энергияның қандай шамаларға тэуелді болатынын айқындау (тәжірибелер көрсету) Денеге берілетін жылу мөлшері: дене температурасының өзгеру шамасына, дененің массасына, затгьщ тегіне тәуелді болады.
Салқындаған дененің қоршаған ортаға жылуын беруі.
Жылу мөлшерінің өлшем бірліктері-джоуль (Дж), килоджоуль (кДж). Жылу мөлшерінің тарихи өлшем бірлігі-1 калория (1 кал=4,19Дж =*4,2Дж) 1 ккал =1000 кал = 4190 Дж «4200 Дж т 4,2 кДж. 1кг заттың температурасын 10С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшерінің заттың тегіне тәуелділігі.
с- заттың меншікті жылу сыйымдылығы, яғни массасы 1 кг заттың температурасын 1°С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшері. Өлшем бірлігі -ДЖ/кг* 0С
Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалык мәнін ашып көрсету (мысалы, қорғасынның жылу сыйымдылығы 140 ДЖ/кг* 0С Бұл массасы 1кг қорғасынның температурасын 1°С-қа өзгерту үшін 140Дж жылу мөлшері кажет дегенді білдіреді.
Әртүрлі заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарын салыстыру (№1 кесте бойынша).
Әртүрлі агрегаттық күйлерде заттың жылу сыйымдылығының мәнінің әртүрлі болуы (мысал ретінде, су мен му.з, қатты және сұйық күйдегі алюминий ), мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 ДЖ/кг* 0С, ал судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 ДЖ/кг* 0С. Судың меншікті жылу сыйымдылығының үлкен болуы жылыту жүйелерінде пайдаланылады; жергілікті жердін климатына әсер етеді.
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу Q=cm(t2 -t1)
Мұндағы t1 -дененің бастапкы, t г -дененің соңғы температурасы.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
1) §9,10 сұрақтарын талдау.
2)Қысқаша тест.
1) Ыдыстағы суық суға қыздырылған шар салынды. Көрсетілген физикалық шамалардың қайсысы шарды салғаннан кейін артады, қайсысы азаяды
немесе өзгермейді?
I. Шардың массасы 1. Артады
II. Судың массасы 2.Кемиді
Ш.Шардың көлемІ 3. Өзгермейді
ІV.Судың көлемі
V.Су молекулаларының қозғалысынын орташа жылдамдығы
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
5,6-жаттығуларды орындау
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §9,10; 5,6-жаттығу.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: