Сабақ жоспарлары / Физика

Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. - Физика, 8 сынып, 39 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі.
Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. - Физика, 8 сынып, 39 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: электрондық теория тұрғысынан электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіру, асқын өткізгіштік ұғымымен таныстыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша электр кедергісінің температураға тәуелділігімен танысамыз.
  1. Өткізгіштің электрлік кедергісі дегеніміз не?
  2. Ол қандай шамаларға тәуелді?
  3. Өткізгіштің  меншікті электрлік кедергісі дегеніміз не?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Металдар кедергісінің температураға тәуелділігі.
Қыздырылған кезде металдар кедергісі сызықты түрде заңдылығы бойыншы өзгереді, мұндағы R0 -өткізгіштің 00С тағы кедергісі, α-кедергінің температуралық коэффициенті.
;  α-өткізгіштің температурасы 10С –қа өзгергенде 00С-тағы кедергісімен салыстырғандағы өзгеруін көрсетеді.   Металдар үшін α>0, температураның өзгеруімен аздап өзгереді. Электролиттер үшін α>0, температураның артуымен кедергі азаяды, себебі оң және теріс иондарының саны артады.
2. Кедергісінің температураға тәуелділігінің графигі.
3. Асқын өткізгіштік құбылысы.
Асқын өткізгіштік құбылысының ашылу тарихынан.
Асқын өткізгіш материалдар жасалу маңызы.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§40 сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §40.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: