Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 14 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 11 сынып, 14 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
Өз бетінше шығаруға арналған есептерден есептер шығару.

ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
  1. Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?
  2. Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.
  3. Трансформация коэффициенті деп нені айтамыз?
  4. Төмендеткіш деп қандай трансформаторды айтады?
  5. Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?
  6. Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?
  7. Айнымалы ток генераторы қандай негізгі бөліктерден тұрады?
  8. Генератордың жұмысында ротор мен статор қандай рөл атқарады?
  9. Көп полюсті айнымалы ток генераторының қандай артықшылықтары бар?
  10. Тұрақты ток генераторының коллекторы қандай рөл атқарады?
  11. Лүпілдеуші ток деп нені айтады?
  12. Лүпілдеуші токтың жаймасын қалай алуға болады?
  13. Электрқозғалтқыш қалай жұмыс істейді?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: К., Т., №3.1, 3.2, 3.3, 3.12.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: