Сабақ жоспарлары / Физика

№6 Зертханалық жұмыс. «Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы» - Физика, 10 сынып, 64 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №6 Зертханалық жұмыс. «Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.» 
№6 Зертханалық жұмыс. «Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы» - Физика, 10 сынып, 64 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу мен кедергі арасындағы төуелділікті тағайындау.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                     
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: вольтметр;амперметр;миллиамперметр; номиналды кедергілері 100, 200, 300 Ом болатын резисторлар; шегі 100—1000 Ом болатын кедергісі бар айнымалы резистор; МН 6,3x0,3 А маркалы шам; 4В-ка негізделген ток көзі; жалғағыш өткізгіштер (сымдар), макеттік тақта.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
  2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
  3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
Жұмыстың орындалу төртібі


1-тапсырма. Тізбек бөлігі үшін ток күші, кернеу мен кедергінің арасындагы тәуелділікті тагайындаңдар.
1.13.6-суреттегі сұлба бойынша кедергісі 100 Ом болатын резисторды пайдаланып, электр тізбегін жинаңдар.
  1. Тізбекті тұйықтандар жөне өлшегіш құралдардың көрсетуін жазып алыңдар.
  2. резистордың орнына кезекпен кедергісі 200, 300 Ом болатын резисторларды қосып, құралдардың көрсетуін жазып алыңдар.
  3. Әрбір жағдай үшін U/R  кернеудің кедергіге қатынасын тізбек бөлгі үшін анықтаңдар.
5.  Өлшеу мен есептеулердің нөтижелерін 5-кестеге жазыңдар.


6.  Әр төжірибе үпгін есептелген   U/R   қатынасын және тізбектегі І ток күшін салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар, оны математикалык өрнек түрінде және сөзбен дәптерге жазыңдар.
7.  Өз қорытындыларыңды Г. Омның тізбек бөлігі үшін жасалған тұжырымдамасымен салыстырыңдар.
2-тапсырма. Ом заңын пайдаланып, тізбек бөлігіндегі кедергіиі анықтаңдар.


  1. 13.7-сурет бойынша тізбекті жинаңдар.
  2. Тізбектегі ток күшінің өр түрлі мөніндегі Я2 резистор кедергісін өлшендер.
  3. Өлшеу мен есептеу нөтижелерін алдын ала дайындаған кестеге енгізіндер.
  4. Тізбек бөлігі кедергісінің мәнін есептеп салыстырыңдар және қорытынды жасаңдар.
3-тапсырма. Ом заңын пайдаланып тізбек бөлігіндегі кедергініанықтаңдар.
  1. 2-тапсырмаға берілген электрлік сұлбадан (13.7-сурет) вольтметрді анықтаңдар.
    1. Резистордың маркировка бойынша кедергісін жөне миллиамперметрдің көрсетуі бойынша ток күшін біле отырып, кернеуді есептеңдер.
    2. Е2 резисторға вольтметрді қосып, эксперимент жүзінде алынган есептеулерді (нөтижені) тексеріңдер.
    3. Қорытынды жасандар.
4-тапсырма (косымша). Шамның қыл сымының кедергісін анықтаңдар.


  1. 13.8-сурет бойынша тізбек құрындар.
  2. Айнымалы резистор көмегімен шамньщ кыл сымын реттей отырып, шам аркылы өтетін токтың күші мен шам толык жөне өлсіз жанған кездегі кернеуді өлшендер.
  3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып, шамның қыл сымының кедергісін есептендер.
  4. Өлшеу мен есептеу нөтижелерін алдын ала дайындалған кестеге жазыңдар.
  5. Осы тәжірибелерде шамның қыл сымы неге әр түрлі кедергіге ие болатынын түсіндіріңдер.
  1. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру:  қайталау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: