Сабақ жоспарлары / Физика

Ауа молекулаларының орташа квадраттык жылдамдығын анықтау - Физика, 10 сынып, 100 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауа молекулаларының орташа квадраттык жылдамдығын анықтау
Ауа молекулаларының орташа квадраттык жылдамдығын анықтау - Физика, 10 сынып, 100 - сабақ

Сабақтың мақсаты: ауа молекулаларының экспериментгік жолмен алынған uкв жылдамдығын  формуласымен есептелген мәнімен салыстыру.
Құрал-жабдықтар:
1) Көлемі І200-1300см3 аузы резеңке тығынмен жабылған қолба. Тығын арқылы шүмектері бар екі өскінді түтік өтеді. Бұл тармақтарына (өскіндеріне) резина шлангалар кигізіледі.  Шлангалардың біреуі (өлшеуіш шегі 0-1,6атм) тәжірибелік манометрге, ал екіншісі Комовский сорғысына жалғастырылады.
2) Зертханалық иінді таразы, кірлер жиынтығы.
Сабақ түрі: Практикалық жұмыс.
Әдіс-тәсілдері: Тәжірибе жасау, физикалық шамаларды өлшеу, есептеу,
Жумыстың барысы:
  1. Ауа молекулаларының орташа квадраттык жылдамдығын эксперименттік жолмен ессптейтін формуланы келтіріп шығару. Егер қандай да бір ыдыстағы ауа молекулаларының біраз бөлігін сорып шығарсы, онда бұл оның орташа кинетикалық энергиясына әсет етпейді. Олардың орташа квадраттық жылдамдығына да әсер етпейді.
  2. Колбаның көлемін табу үшін оған толтыра су құйып, судың көлемін мензуркамен өлшейміз. Судың көлемі қанша болса, колбаның көлемі сонша болады.
  3. Колбаға ауа жібереміз де оның біразын сорғымен сорып шығарамыз.
  4. Өлшеу және есептеу нәтижелерін мына кестеге жазамыз.
  5. Колбадағы судың көлемі 1295мл=1295 см3 =1,295*10-3 м3 болды. Демек, колбаның көлемі V=1,295*10-3 м3 болады. 
  6. Манометр арқылы анықталған қысымдардың айырмасы 320 мм.сын.бағ. болды. Демек, Р=320*133 Па=4256Па=42,56*103 Н/м2.
  7. Колбадағы ауаның қысымы атмосфералық қысымға тең болғандағы колбаның ішіндегі ауасымен қоса өлшегендегі массасы m1=191,3 г болады.
  8. Колбадағы біраз ауа сорылып алынғаннан кейінгі колбаның ішіндегі ауасымен қоса өлшегендегі массасы   m2=190,62 г болады.
  9. Сонда сорылып алынған ауаның массасы: болады.
  10. формуланы пайдаланып орташа квадраттық жылдамдықты анықтаймыз.
. -бұл эксперименттік жолмен алынған ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы.
  1. Енді ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын мына формуласымен есептейік. Мұндағы Тәжірибе жүргізілген кезде ауаның температурасы 50С болған. Сондықтан T=t+273    T=5+273=278 K Олай болса
Қорытынды:
 Ауа молекулаларының бірдей жағдайдағы эксперименттік жолмен алынған мәні мен формула арқылы есептеліп табылған мәнімен ауытқу үлкен емес.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: