Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы - Қазақ тілі, 6 сынып, 3 - сабақ

Тақырыбы:Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы
Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы - Қазақ тілі, 6 сынып, 3 - сабақ

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсініктерін қайталата отырып, әдеби тіл мен мәтіннің байланысы туралы меңгерту.
Дамытушылық: Жаттығулар орындату арқылы оқушылардың мәтіннің қандай мағынада екендігін түсіндіре ортырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Ана тілінің қасиетін түсініп, оны құрмет тұта білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтін мен әдеби тілдің байланысы туралы мағлұмат алып, мәтіндегі сөздердің мағынасын өздері аша алады.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту:
Әдісі: Сұрақ-жауап, сызба, әңгімелеу, оқу, талдау, жаттығулар орындау.
Көрнекілік: оқулық, әдістемелік.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: /2 минут/
  • Оқушылармен сәлемдесі рәсімі;
  • Оқушылардың саббаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
  • Оқу құралдарын тексеріп шығу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау.
А)Қазақ тілінің қоғамдағы ролі. Әдеби тіл және мәтін   туралыоқушылар өткен тақырыптарға шолу жасайды.
Ықтимал жауап: Тіл-қоғамдағы  адамдардың қарым-қатынас құралы. Ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді  де сол ортада қоғамдық қызмет атқарады.
Ә)2-жаттығу: Тіл  туралы айтқан ақын ойларын түсіндіріңдер.
1. Алыстан сермеп,                                                   2. Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Жүректен тербеп,                                                    Тіл өнері дертпен тең.                     
Шымырлап бойға жайылған,
Қиуадан шауып,                                                        3. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қисынын тауып,                                                       Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тағыны жетіп қайырған.                                        Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Толғау тоқсан қызыл тіл                                         Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Сөйлеймін десең өзің біл.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/
Б) «Тілім-тұғырым» тақырыбында ойтолғау жазу берілген.
Оқушылар жазған шығармаларын оқиды.
ІІІ.Жаңа сабақ: Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы.
Алдымен оқушылар мәтіннің не екендігін, мәтін неден тұратындығын естеріне түсіреді.
Мұғалімнің қысқаша түсінігі
Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, оның қоғамдағы қызметі жазба әдебиетімен тікелей байланысты. 
Мәтін - ой–пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының, оның үзінділерінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі.

            -Балалар, біз мәтіннен нені байқаймыз?
            Ықтимал жауап:
            -сөздерді, сөйлемдерді, жазушының пікірін, абзацтарды, мәтіннің мағынасын білеміз.
            -Балалар,. Мәтіннен әдеби тілдің сөздік құрамын, сөз байлығын, сөздерді қолданудағы мағыналық ерекшеліктерді, арнайы сөздердің, термин сөздердің, диалект сөздердің басқа тілден енген сөздердің, тұрақты тіркестердің, нақыл сөздердің қолдану сипатын байқаймыз.
Сөйлем –ойды білдіре алатын ең кіші бөлшек, сөйлемнің құрылымы, олардың бір-бірімен байланысқа түсуі, сөйлемнің түрлері, төл сөз, сөздердің жасалуы және  т.б. тілдік құбылыстар мәтіннен, мәтінді құрайтын жеке сөйлемдерден көрініп отырады, солар арқылы түсініліп айқындалады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
4-жаттығу /10 бет/ берілген сөздердің мағынасын анықтау, мағыналық байлынысы бар сөздерді іріктеп алып, сөйлем құрау.
/мағынасы жуық сөздерді топтастыру/
Қайырым – көмектесу, шапағат-мейірім, инабатты-сыпайы адам, жомарт-қолы ашық адам. Үнемі қайырымдылы жасап, жомарттық таныта білсең, сенен артық инабатты, мейірімді адам жоқ.
Отан-туған жерің,  атамекен-өзіңнің туып өскен жерің. Әрбір қазақстандық азаматқа өзінің туған Отаны мен атамекененін қымбат жер табылмайды.
құсбегі-құсты баптаушы адам, атбегі-атты баптаушы адам, шабандоз –жарысқа түскен тұлпардың үстінде отыратын жас бала. Қазіргі таңды құсбегілікпен айналысатын адамдардың қатыры көбейе түсуде. Тұлпардың жарыстан озып келуі шабандозға байланысты.
нағашы –анаңның ағасы немесе інілері, жиен-әпкеңнің, қарындасыңның баласы, өкіл әке, құда-  жеңге-ағаңның әйелі, құдаша-жеңгеңнің немесе жездеңнің туған бауырлары, туыс-бірге туған немесе бір рудан тараған туыстар. Дүниеде туыстардың болғаны қандай жақсы
қырық, алпыс-есептік сан есімдер.
сері –ат мініп, өлең айтып, айтысқа түсіп, домбыра тартып жүретін жігіт, , көсем, шешен –тіл бай, сөзге жүйрік, әділдікті көксеген адам.
 міндет-өзіңнің алдыңа қоятын мақсаттар
жайылым-мал жайылатын жер, шабындық- шөп оратын жер, егістік-егін егіп, оны орып алатын жер.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/
5-жаттығу: Ауыспалы мағынаға ие болып тұрған сөздерды тауып, дәптерге жазу.
Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» деген өлеңінен үзінді берілген.
6-жаттығу: байырғы түбір сөздерді, жұрнақ арқылы жасалған сөздерді, бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздерді баған бойынша ажыратып жазу.
/Сызба сызылады/
түбір сөздержұрнақ арқылы жасалған сөздерБіріккен сөздерҚосарланған сөздерТіркесу арқылы жасалған сөздер

Ү. Сергіту жаттығулары: Оқушылар көздеріне жаттығулар жасайды, біресе оң жаққа, сол жаққа, жоғары, төмен, 5 секунд бойы көздерін жұмған қалыпта ұстайды.
ҮІ. Сабақты бекіту сұрақтары: 
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неден тұрады?
Ойды білдіретін ең кіші бөлшек қалай аталады?
ҮІІ. Үйге:
Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы туралы оқу./9-10беттер/
7-жаттығу: Мәтінді мүсініп оқып, басқа тілден енген сөздерді дәптерге жазып келу.Мәтіннен тқай жылдардағы оқиға көрініс тапқан? 
ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: