Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Зат есімнің жасалуы - Қазақ тілі, 6 сынып, 25 - сабақ

Тақырыбы: Зат есімнің жасалуы.
Зат есімнің жасалуы - Қазақ тілі, 6 сынып, 25 - сабақ

Мақсаты: 
  1. Зат есімнің жасалуы туралы мағлұмат бере отырып, жаттығулар орындау;
  2. Оқушыларға зат есім туралы өткен сабақтағы білімдерін тереңдете түсу, оқу дағдыларын жетілдіру, белсенділктерін арттыру.
  3. Адамгершілік қасиеттерге, қазақ тілін құрмет тұта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілік: сызба, жаттығулар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу рәсімі;
-Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау;
-Оқушыларды тәртіпке шақырып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
118-жаттығу: Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.
  1. Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.
  2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;
  3. Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы 
  4. Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені
  5. Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»
  6. Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс т.б.
ІІІ. Жаңа тақырып: Зат есімнің жасалуы.
Туынды зат есімдер жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: күй-ші, ел-дік /зат есімнен/, жақсы-лық /сын есімнен/,  біл-ім, аялда-ма /етістіктен/, тарс-ыл /еліктеу сөзден/, қырқы /сан есімнен/ т.б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалынады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.
 Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т.б.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс жасау.
А) 119-жаттығу: Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтаңдар.
Мәтін қай шығармадан алынған?Өз ауылдарыңда қандай бәйге атын білесіңдер.
/оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды/
Ә) Тапсырма: 59 беттегі суреттегі екі балаға мінездеме беріңдер. Олардың бойындағы қасиеттерді салыстырып жазыңдар. Қандай дерексіз зат есімдерді пайдаланғандарыңды айтыңдар.
Мысалы: Жомарттың мінезі жайдары, Ал Аслан ылғи да томаға тұйық жүреді.
Б) Мына сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар:


Баянауылдың суретіне қарай отырып, әңгіме құрастырыңдар. Жалқы есім, жалпы есімдерді, дерексіз зат есімдері қолданыңдар

Ү. Сабақты бекіту:
Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/


МысалдарЖалпы есімЖалқы есімДеректі зат есімДерексіз зат есімНегізгі зат есімТуынды зат есім ДараКүрделі зат есім
1.Әке+
+
+
+
2.Мұхтар Әуезов
++
+

+
3.Құлагер
++

+
+
4.Қайғы+

++
+
5.Достық+

+
++
6.Домбыра+
+
+
+
7.Саудагер+
+

++
8.Өнер+

++
+
9.Қарағанды
++

++
10Жігіттер+
+
+
+
11Қызылордалық
++

+
+
12Дәріхана+
+

++
13Әке-шеше+
+



+
14Арман+

++
+
15Шекарашы+
+

++

Үйге тапсырма:
122-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
123-жаттығу. Дара зат есісдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек жазып, қайсысы жалқы есім, қайсысы жалпы есім екендігін ажыратыңдар.
«Зат есім» тақырыбына сөз жұмбақ, ребустар құрастырып әкелу.
Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: