Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров «Әнші» өлеңі - Қазақ тілі, 7 сынып

Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров  «Әнші» өлеңі.   
Ілияс Жансүгіров «Әнші» өлеңі - Қазақ тілі, 7 сынып

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі.  
                    Ақын  І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұмат беру. Әнші өлеңінің мән-мағынасын түсіндіру. Әнші композитор, айтыскер ақын Найманбаев Әсеттің өмірі  жайынан кеңінен мағлұмат беру.  
ә) Тәрбиелігі. қазақ өнерінің, күй өнерінің  қара қобызы  домбырасының   қасиетін дәріптеу. 
б) Дамытушылығы:  танымдық қызығушылықты  оята дамыту, өнерді сүйуге, қабілеттілікті арттыру.  
Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, «Шығармалар жинағы» 3 томдық .       
С.Жанәбілов «Ол ертең атылады» Ә. Найманбаев «Шығармалар»   интерактивті тақта, «Сөзжұмбақ» 
Сабақта қолданылатын  әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест сұрағы, мәнерлеп оқу,топтастыру.  
Сабақтың барысы: а)  Ұйымдастыру кезеңі  оқушылармен амандасу, түгелдеу, саббаққа назарларын аудару. 
ә) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау  
1) С.Сейфуллиннің «Қамаудан» «Тұлпарым» атты өлеңдерін жатқа айту. 
2) Өлеңнің мазмұнын түсіндіре айту, пысықтау сұрақтарын қою. 
3) тест бойынша жұмыс. 

Пысықтау сұрақтары: 
  1. Балалар бұл өлеңдердегі тұтқын кім? 
       Кімдердің образы? 
  1. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?  
Сәкеннің өлеңдерінде  ақынның өз бейнесі бейнеленгендігі белгілі болды, яғни ақындық тұлға дегеніміз не?  Шығармалардағы  ақынның ой- арманы, жан-сезімі, дүниетанымы, мақсат-мұраты айқын көрінеді. 
       Ақын жазушылар шығармаларынан  Қазақстанның биікке жетуіне қосқан үлестерін білеміз. Бүгін біз өз еңбегін туған халқына арнаған Құлагердей дүлдүл ақын 
І. Жансүгіровтің өмірі, ақындық әлемі жағынан сөз  қозғап, «Әнші» өлеңінің иесі  Ә.Найманбаевтың  өнері, өмірі туралы кеңінен танысатын боламыз. 
Жаңа сабақ: Интерактивті  тақтадан ақын Ілияс Жансүгіров өмірін, шығармашылығын тыңдау. 
«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі арқылы І.Жансүгіровтің  өмір жолын, шығармашылығын айтып өтемін. 

  1. 1894ж  Талдықорған облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 
  2. 1905-1911 жылдары алғашқыда әксінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар  үлгісіндегі мектепте дәріс алды. 
  3. 1916ж «Әншіге» өлеңін жазады 
  4. 1920ж Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. 
  5. 1925ж Мәскеудегі журналистика институтына  түседі. 
  6. 1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» ( қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды.  «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
  7. 1934-1936 жылдары  Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. 
  8. 1938ж Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.  
І.Жансүгіров «Әнші» өлеңін 1928ж, 1933 жылғы жинақтарына кіргізген. Ілияс                Ә. Найманбаевтың  «Әсет» атты әнін  өте жақсы көретін еді, сондықтан мәжіліс болған жерде, өлең айтуға тура келсе, алдымен Әсетті айтатын еді және барлық ықыласын сала, барлық сезімін жұмсай айтатын еді. Ол «Әнші» өлеңінің сөзін негізінен  Әсеттің өзінікі, мен тек біраз өңдедім»,- дейді.  
    Өлең асқан әнші, сазгер  Ә. Найманбаевтың атынан жырланады.
Әсет  Найманбайұлы 1867 жылы Жезқазған өлкесінің Ақтоғай ауданының «Қызыл арай» ауылында дүниеге келген  Әсеттің әкесі Найманбай,   шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Ол ұлдан жалғыз болған.Ол ескіше,яғни мұсылманша оқығанмен әжептеуір білімді болған.  
     Әсеттің даусы айрықша зор болған. Әншілік өнерін әбден меңгерген соң ғана ол өз жанынан ән шығара бастаған. Сондай-ақ ол суырып салма ақын болған.  
Ол Ырысжанмен, Кәрібай, Сәмет, Қали,Бақтыбай, Кемпірбай сынды ақындармен айтысқа түсіп, айтыскер ақын атанған. С.Мұқанов: «Біржанның әні сияқты, Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайрылымы қиын болған. Сондықтан оның әндерін үйрену де қиын еді,»-деген пікір айтады. 
Ә. Найманбаевтің  жас кезінде шығарған әндерінің біріне жататын  «Інжу-маржан» әні-құрылысы, әуенділігі жағынан  қазақ әндерінің ғажаптарының бірі. 

Оқулықта берілген «Әнші өлеңін  үнтаспадан тыңдап, (дыбысталған, электронды оқулық 7-сынып. Әдебиет ) дауыс мәнеріне көңіл бөле, оқушыларға мәнерлетіп оқытамын. Өлеңде ақынның өзіне қояр талабы қандай? анықтау. 

Ақын ән салса аңыратып, жайлантып, қоңырлатып, жамыратып, қоңыр қаздай мамырлатып, боздатып, күңірентіп, нөсердей жауындатып, бұрқақтатып, жүйіткітіп, аңқылдатып, шалықтатып, талдырып, тамылжытып, әсерлетіп...деп көсемше етістікке жан бітіре сөйлетеді. 

Дәптермен жұмыс.  
Өлең құрылысына талдау жасау. 
Ар-ғын-мын, а-тым  Ә-сет, а-рын-да-ған,   -11-а 
А-рын-дап ән са-ла ма  да-ры-ма-ған,     -11-а
Ас-пан-ның  а-я-сында  ән шал-қыт-қан, 
Бұл-бұл-мын дау-сы  көк-те да-мыл-даған -11-а  
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.  
Өлеңге теориялық талдау жасау: 
       Өлеңнен ауыстыруды (метафораны)  табайық?  
1)Метафора дегеніміз не? Сөз мәнін өңдендіре , өзгерте айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, өзіне ұқсас өзге затқа  не құбылысқа балау. 
(Бұлбұлмын, тұлпармын, жорғамын, майдамын, тауықпын, құм-қыстау, өлке-көктеу, өзен-күзеу, жайлауым –жалпақ дала, сөз-жаңбыр, даусым-дауыл, әнім –ескек). 
  1. Өлеңнен теңеуді табу. Теңеу дегеніміз не? 
 Теңеу өлең мәнін қаншалықты ашып тұр? 
Бір затты өзіне ұқсас екінші затқа теңестіріп, -дай-дей, тай-тей. 
Жұрнағы арқылы жасалатын теориялық ұғым. 
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп, 
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп, 
Қоңыр қаздай мамырлатып, 
Інгендей күңірентіп, 
Нөсердей жауындатып, 
Қазандай дауылдатып, 
Қамыстай сауылдатып)-деп әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді.  
                 «Сөзжұмбақ»  
  1. Әсеттің әкесі?                         3)Әсетпен айтысқан?   
  2. Әсеттің анасы?                        4) Әсет кім? 

Үнтаспадан Әсет әншінің   «Інжу-маржан» әнін тыңдау. 

Сабақты қортындылау:                                                                                                                                                                    
Өнердің биігіне талмай ұшқан, 
Көбейсін өнерпаздар әрбір тұстан 
Ата-салт, дәстүрлерге берік болып, 
Тәуелсіз жасай берсін, Қазақстан-деп, өнерді 
жалғастырушы оқушылардың өздері екендігін айта келіп, өнер туралы , қазіргі қазақ өнерінің өркендеу жайында  ой қозғап, ән-күй, өнер туралы мақал-мәтелдер айтқызамын. 
«Өнерлі өрге жүзер» 
«Жігітке жетпіс өнерде аз» 
«Өнерді үйрен де, жирен»
«Ел іші-алтын бесік»
«Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» демекші, өз беттерінше өлең жазатын  оқушылардың өлеңдерін тыңдаймыз. «Өнерің өрге жүзсін»  деп марапаттаймын. 
Жаңа ғана ұшып келе жатқан балапанның қанатына су бүркіп, шабытын оятамын. 
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалаймын. Қатыспай отырғандары болса, ескерту жасаймын. 

Үйге тапсырма: 
«Ел іші-өнер кеніші» тақырыбына шығарма жазып келу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: