Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері - Қазақ тілі, 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ жоспары:
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз. Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру. Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту. М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру. Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
Семантикалық карта №1
Семантикалық карта №2
Семантикалық карта № 3
ІІІ. Өзіндік жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту. IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу. V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау. VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту. VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел. VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
- Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғын-дыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
- Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
- Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ жоспары:
- 1. Тест жұмысы.
- 2. Жаңа сабақ.
- 3. Өзіндік жұмыс
- 4. Бес жоды өлең
- 5. Шығармашылық жұмыс
- 6. Қорытынды.
- 7. Үйге тапсырма
- 8. Бағалау.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау: Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны идеясы, көркемдік ерекшеліктері. | Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған «Мұнар күн» «И. деген ағам бар» «Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді» «Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс» асынбай» «Мінген ер», «Мінгені «Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай» салмай» «Исатай сөзі» «Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім «О, Нарын!» өткен?» | Күрделі мәселе: Елдегі әділетсіздік. Батырдың аңғалдығы. Исатай қазасы. |
Әсер етуші факторлар: Халық қамы, ел жағдайы. Үстем тап өкілдерінің зорлығы. | Тәжірибе:
|
А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз. Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру. Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту. М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру. Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
Семантикалық карта №1
Мақалдар | Көлінен безген қаз оңбас. | Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. | Өз жеріңдей қайда бар. | Сайының тасы болайын. |
Пәлен жерде пайда бар, | ||||
Өз елімнің басы болмасам да, | ||||
Елінен безген ер оңбас, | ||||
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. |
Семантикалық карта №2
Мақалдар | Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. | Құс жаңылып торға түсер. | Ер жарасыз болмас. | Шешен тар жерде сөз бастайды. |
Ел шарасыз болмас, | ||||
Батыр мың қол бастайды, | ||||
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. | ||||
Ер жаңылып қолға түсер, |
Семантикалық карта № 3
Мақалдар | Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз. | Арыстан болсаң жау үшін. | Тәуекел ет те тас жұт, | Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл, |
Түлкідей болсын әдісің. | ||||
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл. | ||||
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз. | ||||
Ажал жетпей өлмек жоқ. |
ІІІ. Өзіндік жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту. IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу. V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау. VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту. VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел. VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: