Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қолдану негіздері - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қолдану негіздері мен қолданылатын орындарын оқыту
Тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қолдану негіздері - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты::Жазба тілдегі тыныс белгілерін дұрыс қоя білуuе,сауаттылыққа баулу.Жалпы тыныс белгілердің өзіндік ерекшеліктері менқызметтері әр түрлі болатынын ескере келіп, леп белгісі,үтір, көп нүкте, сызықша, қабаттаса келген сұрау белгісін талдап, олардың қимыл-әрекеттің бәрін қалай білдіріп жандандырғанын    тәжірибе жұмыстары арқылы үйрету.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,талдау,тәжірибе жұмысы.
Көрнекілік:оқулық,интерактивті тақта ,сызба.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А.Сәлемдесу Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу.
Ә.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2.Жаңа сабақ .
Мұғалім сөзі :1.Пунктуация-жазбаша қарым-қатынас жасауға қызмет ететін графикалық таңбалар жиынтығы.
2.Зерттелуі:Қазақ тілінде тыныс белгілерді алғаш рет А.Байтұрсынов тұжрымдады.Ол(-)жинақтау белгісі,(.)НОҚАТ,ҮТІРЛІ НОҚАТ(;),үтір(,),қос ноқат (:),сұрау(?),леп белгісі(!),көп ноқат(.........),қос тырнақша (“   “  )тәрізді тыныс белгілері болатынын ,олардың қойылатын орындарын көрсеткен.Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан.
3.Талдау,түсіндіру.
Тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса,айтушының көңіл күйі,айтылмақ ойын өз дәрежесінде жеткізе алмайды.
 ПУНКТУАЦИЯ  негізгі қызметі-Айтылған ойды екіұшты етпей дәл,түсінікті жеткізу.   
  Қосымша көмекші қызметі : Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым-ишара , кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.
4.Енді балаларға “Ым-ишараның  бәрін тыныс белгісімен бере алмайтынымызды , бірақ сөйлеген сөзіне қойылған тыныс белгілері арқылы көңіл-күй , сезім құбылысын жеткізуге болады”деп түсіндіру.(Оқушыға , оқыту,мұғалім өзі оқу).
5.Тыныс белгілері ең алдымен,сөйлемнің грамматикалық құрылысына байланысты қойылады.Сөйлем-қарым-қатынас жасаудың басты құралы, тиянақталған ой оқушысы ойдың аяқталмағанын білуі қажет.Айтушыойын жәй, құрмалас сөйлеммен де бере алады.Осыған орай 
                                        Тыныс белгілері 
Сөйлем соңына қойылатын                           Құрмалас құрамында
тыныс белгілері                                               ғы жай сөйлемдердің
                                                                     арасына қойылатын 
                                                                     тыныс белгілері
Т.б.сөйлемнің құылымдық ерекшеліктеріне сүйене қою-грамматикалық принцип.
Мағыналық бөлік:синтаксистік құрылымы,логикалық мағынасы бар ,дауыс ырғағымен ерекшеленеді
Сөйлем соңына қойылатын т.б
Даралаушы қызмет атқарады
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарадыҚұрмалас сөйлем жігіне қойылатын тыныс белгілер ойдың аражігін ажырату қызмет атқарады
Нүкте                                   үтір                                   үтір
Сұрау белгісі                       қос нүкте                           қос нүкте
Леп белгісі  жақша              нүктелі үтір
Көп нүкте                            тырнақша                         үтірлі сызықша
                                              сызықша
7.Леп белгісі-өтініш,ескерту,қорқыту,шошыту.
Сұрау белгісі-жауап алу,шарасыздық.
Көп нүкте-ойдың аяқталмағанын,ескерту мәнін білдіреді.

Жаттығу жұмыстары
118-жаттығу. Тапсырманы топқа бөліп орындаңдар.
І топ. Мәтіндерді стилі жағынан салыстырыңдар. Әр мәтінге ат қойыңдар.
ІІ топ. Қай мәтінде тыныс белгілері көп кездеседі, себебін айтыңдар.
ІІІ топ. Жер,су атауларын, тарихи тұлға аттарынтауып, жасауына қарай талдаңдар.
119-жаттығу. Тапсырмаларды топқа бөліп орындаңдар.
І топ. Мәтінді рөлге бөліп оқып, тыныс белгілерінің қандай негізде қойылғанын, олардың қызметін анықтаңдар.
ІІ топ. Леп белгісі, сұрау белгісі, қойылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.
ІІІ топ. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.
Сабақты қорытындылау:Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар  қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.
Үйге:  120-жаттығу. Тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар. Аянның бейнесін жасаңдар.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: