Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ана тілі

Ана тілі пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ана тілі

1. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ананың тілі-аяулы үні

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі  ана тілінің құдіреттілігі    туралы түсінік беру.  ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық   ойлау қабілетін дамытуб) Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу . Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен  1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі  -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу».   -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?
Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.
Сүйемін туған тілді-анам тілін,           Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,      Құлағыма сіңірген таныс үнім
Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын
Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы,  өлеңді   оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді?  Сергіту сәті
IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі  -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу   қалай жүзеге асырылады?  -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз?  -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
VI. Үйге тапсырма.Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау  жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын

2. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Қыс

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру.Қыс өлеңі    туралы түсініктерін қалыптасты ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын алыптастырып, сөздік  қорын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету .Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, 
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі   Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау  -Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді? -Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе? -Кім айтады?  Өлеңдер жатқа сұралады.  -Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі -Сөйлеу не үшін керек?  -Тілдің қызметі қандай?
IV. Мақсат қою кезеңі Суретке қарап әңгіме құрау,  -Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Дұрыс.Қыс.
V. Жаңа сабақ - Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да Қыс туралы болмақ  -Суретке қарайық, не көріп тұрмыз?  -Балалар, не істеп жатыр?  -Суреттегі   балаларға  ат қойып, әңгіме құрастыру. –ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі 1-жаттығуға қараймыз. Оқушыға оқытамын.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар   Қыс келді.күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты. Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды пысықтау  -Балалар, Енді 2-жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .Қаңтар.Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.
VII. Бекіту  кезеңіҚыс өлеңі
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,     Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,     Басқан ізі сықырлап келіп қалды
Өлеңді мәнерлеп оқып талдау
Жаңылтпаш
Қар аппақ,        Дала аппақ-
Бәрі аппақ....    Қарап бақ.
Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту
VIII.  Үйге тапсырма Абайдың Қыс өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: