Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты)

География пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты).
География пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты)
1
Тақырыбы:Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі:Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
                              2. Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
            Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы-қазіргі заманғы география. ҒТР дәуірінде география ғылымы да үлкен өзгерістерге ұшырады. Қоғам мен табиғат арасындағы ғаламдық үйлеспеушіліктен туындаған жаңа бағыт экономикалық және әлеуметтік географияның экологиялық тұрғыдан қалыптасуына алып келді. Сондықтан экономикалық және әлеуметтік география жер бедері мен жалпы табиғат кешендерінің заңдылықтары арқылы табиғат өзгерістерін зерттеуді шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуына байланысты жүргізеді. Бұл аталғандар қоғам мен адамдардың мұқтаждығына байланысты шаруашылықтың бағытын анықтауға, болжауға, сол сияқты материалдық және рухани қажеттілігін зерттеуге септігін тигізеді. Қазіргі дәуірде елдер арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың ұлғаюына қарай география бойынша жүргізілетін зерттеулердің негізгі екі бағыты анықталады.
            1. Табиғат байлықтарын сақтау, оны тиімді пайдалану және қайта түлету.
            2. Жалпы табиғат заңдылықтары негізінде халық пен шаруашылық салаларын ұтымды орналастыруда география ғылымының жетістіктері алғышарт ретінде пайдаланылуы керек.
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Кіріспе.

Тақырыбы:Д.ж. саяси картасы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға д.ж. саяси картасы, қалыптасу кезеңдері, қазіргі саяси карта жағдайы  жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. саяси картасымен  танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Топтастыру.
                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Кестемен жұмыс.
                              3. Б.Ү.Ү. кестеі.              6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
            Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
            1. Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні нені зерттейді?
            2. Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні нені оқытады?
            3. Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнінің мақсаты?
            4. Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнінің міндеті?
5. Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
            Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
            Топтастыру арқылы д.ж. саяси картасының қалыптасу кезеңдерін түсіндіру.

3. Кестемен жұмыс.
            Кесте арқылы д.ж. елдерінің тәуелсіздігін алуын түсіндіру.
Тәуелсіздігін алған жылыЕлдер
ХХ ғ/ң басыТәуелсіз 55 ел болған
ІІ-ші д.ж. соғыстан кейінТәуелсіз 81 ел болды
1950 ж/дың соңындаТәуелсіз 92 ел болды
1960 жыл «Африка жылы»17 ел тәуелсіздік алды
1990 жылТәуелсіз 171 ел болды
1991 жылыКСРО ыдырап 15 тәуелсіз ел қосылды
1990 жылдарЮгославия бірнеше елдерге ыдырады
1993 жылыЧехия, Словакия, Эритрея, Палау, Шығыс Тимор елдері  п.б.
Қазір230-дан астам елдер мен иеліктер бар


Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
БілгенімҮйренгенімҮйренгім келеді



V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Д.ж. саяси картасы.



1
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: