Сабақ жоспарлары / Информатика
Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары
Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары.
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.
ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.
І. Сабақтың тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықтары
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Балалар біз жаратылыстану бағыты бойынша 10 класқа келіп отырмыз. Енді біз информатика сабағын аптасына 1 сағат өтеміз. Яғни жаратылыстану бағыты бойынша біз осы пәннің осы бағытқа байланысты қадай мәндері бар екенін білетін боламыз. Біз өткен сабақта электронды есептеуіш машина алдындағы қауіпсіздік ережелерімен танысқанбыз. Әрине, бұл ережені біз 7 кластан бастап білеміз. Көзімізге, денелерімізге жатығулар жасауды да білеміз.
Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықтары.
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
1.Жүйелік
2.Қолданбалық
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
•операциялық жүйелерді;
•желілік программалық жабдықтаманы;
•сервистік программаларды;
•программаларды жасау құралдарын
операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
•физикалық;
•логикалық
•есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады.
Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
•желілік ОЖ
•желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
•магниттік дискілерге қызмет көрсету;
•файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
•компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;
•ақпаратты шифрлеу;
•компьютерлік вирустардан қорғау;
•файлдарды архивтеу және басқалары.
Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады. Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады. Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:
•мәтіндік процессорларды;
•кестелік процессорларды;
•безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;
•деректер базасын басқару жүйелері;
•сараптау жүйелері;
•математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.
Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.
Жаңа сабақты бекіту
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
2.ОЖ қызметкері қандай
3.ОЖ дамуына не себепші болды?
4.Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
ІХ. Үйге тапсырма
Компьютердің программалық жабдықтары

Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: