Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Бөліп шығару
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің есімі:
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
§19. Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты (мақсаттары)
9.1.5.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады.
Бүйрек жұмысын еске түсіреді.
Бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Бүйрек жұмысына жағымды факторларды талдайды.
Бүйрек жұмысына жағымсыз факторларды жіктейді.
Жағымсыз факторлардың тигізетін әсерін зерделейді.
Жағымсыз факторлардың алдын алу шараларын қарастырады.
Кейбір оқушылар:
Бүйрек үшін тиімді тамақтану рационын ұсынады.
Сабақтың құндылығы
«Мәңгілік Ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият
Бағалау критерийлері
Мәтіндегі терминдердің мәнін ашады.
Бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды жағымды, жағымсыз деп жіктейді.
Әсер ететін факторларды талдайды.
Адамның тамақтану рационын қарастырады, бүйрекке зиянды су мен тұз мөлшерін, арақатынасын анықтайды.
Гомеостазды сақтаудағы су мен тұз алмасуының рөлін түсіндіреді.
Су ішудің ережесі, су режимі туралы ойларын негіздеп айтады.
Салқындау, су тиюдің бүйрекке зиянын тұжырымдайды.
Суық тиюдің алдын алу шараларын ұсынады.
Кейбір созылмалы аурулардың бүйрекке тигізетін әсерін сипаттайды.
Бүйрек үшін тиімді тамақтану рационын ұсынады.
АКТ дағдылары
Сандық білім ресурстарын іздеу, қолдану
https://bilimland.kz/ru
Тілдік мақсат
oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдaлануға ынталaндыру, сондай- ақ оқушылар диалогке қатысуы үшін қажетті бай сөздік қормен
қамтамасыз ету)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тамақтану рационы, су мен тұз алмасу, тіс жегісі, іріңді баспа
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Бүйректің неліктен тіршілік үшін маңызды мүше болып
есептелетінін талқылаңдар.
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен тіс жегісі бүйрекке зиян деп есептелінеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Терминдердің аудармасын дәптерге түсіру
Рацион – ration Тіс жегісі – caries Баспа – angina
Алдыңғы оқу
«Дұрыс тұжырымды тап»
Бүйректің ең негізгі қызметі – сүзу.
Бүйрек қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
Бүйрек жүрек қан тамырларының жүйесінің мүшесі.
Бүйрек ауа жүретін жолдарға жатады.
Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
Бүйрек – ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Су мен тұздың мөлшерін зерттейді.
Бүйректе тимозин гормоны түзіледі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Біз екеуміз ұқсаспыз»
Топ мүшелері өзін кімге ұқсататыны жөнінде қысқаша мәлімет береді. Бұл оқушыны жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік береді. Топтарға бөлу. «Ұялы телефон түрлері». Оқушылар телефондарының түрлеріне қарай «Тұлпарлар», «Арғымақтар» топтарына бөлінеді.
Топ ережесін еске түсіреді.
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
«Идеялар себеті» стратегиясы
Оқулық
Жұмыс алгоритмі.
Сабақтың тақырыбымен танысады.
Жеке жұмыс. Әр оқушы мәтіннен өзіне белгілі мәліметті тезис түрінде жазып шығады. 2 минут беріледі.
Топтық жұмыс. Оқушылар өз ақпараттарымен бөліседі, талқылайды. 3 минут беріледі.
Сыныппен жұмыс. Әр топ тақырып бойынша өзінің көзқарасын айтады, білімдерін көрсетеді.
Мұғалім айтылған көзқарастар мен түйінді сөздерді «себетке» салып отырады. /тақтаға жазу/
Дескрипторлар:
Мәтінді толық меңгеріп, мәтіндегі негізгі ойды табады.
Мәтінді жан-жақты талдайды.
Топ ішінде талдауда жаңа ақпараттарымен бөліседі.
ІІ. Жұптық жұмыс. «Кесте толтыру»
Дескрипторлар:
Кесте толтыру арқылы бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды талдайды.
Адамның тамақтану рационын қарастырады, бүйрекке зиянды су мен тұз мөлшерін, арақатынасын анықтайды.
Гомеостазды сақтаудағы су мен тұз алмасуының рөлін түсіндіреді.
Су ішудің ережесі, су режимі туралы ойларын негіздеп айтады.
Салқындау, су тиюдің бүйрекке зиянын тұжырымдайды.
Суық тиюдің алдын-алу шараларын ұсынады.
Кейбір созылмалы аурулардың бүйрекке тигізетін әсерін сипаттайды.
Сергіту сәті. «Шаңырақ» ойыны
Шарты: төрт бұрышты орамал жайылып қойылады, оқушылар әуенмен айналып жүгіреді, әуен тоқтаған кезде орамалдың бұрышы- нан ұстап жоғары көтеру керек. Шаңырақты қай топ бірінші көтерсе
сол топ жеңіске жетеді.
Аяқталуы
«Рөлдік ойын»
Рөлдер: Дәрігерлер (урологтар, диетологтар, инфекционистер)
Бүйрек ауруымен ауыратын пациенттер
Бүйрек қызметінің бұзылу себептері
Алдын алу шаралары
Суық тию, бүйректі суықтату
Өршімелі инфекция
Алкоголді ішімдік пен темекі
шегу
Антибиотиктер
Ащы тағам
Артық су мен тұздың әсері
Қалыпты жағдайдан ауытқу
Не күтуге болады?
Белгілері
Несепте зәрдің болуы
Ұйқыбездің жұмысының бұзылуы, қантты
диабет
Несепте нәруыздың болуы
Бүйрек шумақтарының
зақымдануы
Патогенді
ағзалардың болуы
Зәр шығару
жүйесінің аурулары
Сұрақ: Бүйрек ауруын анықтау үшін қандай анализдер тапсыру керек?
Уролог:
Зәрдің жалпы сараптамасы
Креатининнің (нәруыз алмасуының соңғы өнімі) деңгейін анықтайтын қанның биохимиялық сараптамасы
Бүйректі ультрадыбыстық тексеруден өткізу
Зәрде нәруызды анықтау тесті/
Сұрақ: Бүйрек ауырымен ауыратын адамдардың диетасы қалай болмақ?
Диетолог: Бүйрек аурулары зат алмасуды бұзады.
Бүйрек ауруларымен ауыратын адамдар төмендегі нұсқауларды орындау керек:
Ет пен тауық етінен дайындайтын тағамдарды қуырмай, бумен пісіру ұсынылады.
Тамақ калориясы тәулігіне 3500 ккал аспауы тиіс.
Тамақты күніне 4–6 рет ішу керек.
Тамақ тұзы өте аз болуы керек. Бүйрегі ауыратын адамдар күніне 2–3 г тұз қолдану керек.
Тәулігіне қолданылатын су мөлшері 0,8–1 л-ден аспау керек.
Сұрақ: Баспа, тұмау бүйрекке әсер етеді ме?
Инфекционист: Тұмау ауруының асқынуы бүйрек ауруына алып келеді. Сондықтан тұмаудың бастапқы белгілері байқала бастағаннан дереу емделу шараларын жүргізу керек.
Дескрипторлар:
Бүйрекке әсер ететін факторларды талдайды.
Кейбір созылмалы аурулардың бүйрекке тигізетін әсерін сипаттайды.
Бүйрек үшін тиімді тамақтану рационын ұсынады.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Бүйрек жұмысын бұзуы мүмкін жағымсыз факторларды атаңдар.
Қабілеті жоғары оқушы:
Бауыр, бүйрек, жүрек пен өкпе қызметі өзара қалай байланысты? Ойларыңды дәлелмен жеткізіңдер
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу