Физика / Есептер

«Ботақан» сайысына арналған сұрақтар - 11 сынып

11 сыныпқа арналған «Ботақан» сайысына арналған сұрақтарды тегін жүктеп алу.
«Ботақан» сайысына арналған сұрақтар - 11 сынып

  1. Екі масадан «ылғал жер » (мокрого места не осталось) де қалмау үшін олар бір – біріне қандай жылдамдықпен қозғалу керек? 
  1. Библиялық аңыздардың бірінде адамдардың Вавилонда аспанға жететін мұнара салу талпыныстары туралы айтылады. Құрылысшылар жұмысты бастаған кезде ашуланған құдай олардың тілдерін араластырып жіберген. Адамдар бір – бірін түсінуден қалған. Сонымен, мұнара салу доғарылған. Құдай адамдарға сонша қатігездік жасамаса да болар еді. Мүмкін физика заңдары адамдарға аспанға жететін мұнара салуға бөгет болар ма еді? 
  1. Егер біреу байлаулы тұрған иттің жанында өз итін қыдыртып жүрсе, онда байлаулы ит үре бастайды. Оның артынан басқа иттер де үре бастайды. Физика тұрғысынан бұл құбылыс қалай аталады? 
  1. Ол кім? Алғашқы 25 жылда ол ғылымға белсенді қызмет көрсетті, негізінен метеорология мен физикаға. Бір толық квартал үшін ол найзағай отын аударғыш болды, сымсыз телеграф станциясы ретінде де қолданылды, күніне екі рет халықаралық уақыт бюросына да (барлық кемелерге париж меридианында уақыт қанша болғанын хабарлайтын) қызмет етті, ал қазір ол тек туристік мақсатта ғана қолданылады. 
  1. Ағылшын физигі Джеймс Максвелл өзінің атақты, газдардағы молекулалардың жылдамдықтары бойынша таралу заңдылығын, ғалым болмай тұрып ашқан. Және оны өз еркімен істемеген. 
  1. Солтүстіктегі тайгалық селоның тұрғындары жақын жерден өте сапалы көмір орны ашылғанына өте қуанды.  Бірақ, біраз уақыттан кейін осы көмірді қаңылтыр «буржуйка» пешіне жаққан кезде бір кружка суды қайнатуға болатынын, ал бір шәйнек суды қайнатуға келмейтінін аңғарған. Неге? 
  1. Физиктар нейтриноны зерттеумен көптен айналысады және байқалмайтын бөлшектерді тіркеу үшін өте сезімтал детекторлар қолданады. Детекторларда нейтринолар сұйықта тежеледі де айрықша сәуле шығарады. Сол сәуле бойынша оларды тіркейді. Жуырда физиктер ДЮМАНД деп аталатын проект ойлап тапты және ол жақын маңда Гавай аралдарында жүзеге асырылады. Оған бірнеше триллион тонна сұйықтық қолдану керек. Қалай ойлайсың, осы проектегі нейтрино үшін жасалған детектор қайда орналастырылады? 
  1. Бұл екі элемент Менделеев кестесінде қатар орналасқан. Олар бірге қосылып тек химияның ғана емес физиканың да дамуында үлкен роль атқарған элемент береді. Ол не? 
  1. Лев Николаевич Толстойдан физикалық сұрақ: Шөп бетіндегі шық қандай болады? «…Когда в солнечное утро, летом, пойдёшь в лес, то на полях, в траве, видны алмазы. Все алмазы эти блестят и переливаются на солнце разными цветами – и жёлтым, и красным, и синим. Когда подойдёшь ближе и разглядишь, что это такое, то увидишь, что это капли росы собрались в треугольных листьях травы и блестят на солнце».  Бояудың мұндай ойынын қалай түсіндіруге болады? Чем объяснить такую яркую игру красок? Шыны немесе хрусталь  имитациядан алмазды қалай айыруға болады? 
  1. Өзеннің қарсы жағына тура өту үшін қайықтың жылдамдығын ағыстың жылдамдығына қарсы қалай бағыттау керек? Суға қатысты қайықтың жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан екі есе көп. 

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: