Физика

Молекула - кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға газдардың МКТ негізгі теңдеуі ұғымын, оның ерекшеліктерін түсіндіру. 2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау....
Молекула - кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Сабақ жоспары
Күні___________ Пәні: Физика Оқу тобы: 1 «а», «б», «в» Сабақ реті ______
Сабақтың тақырыбы: Молекула - кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға газдардың МКТ негізгі теңдеуі ұғымын, оның ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау.
3. Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, слайд
Пәнаралық, пәнішілік байланыс: физика 7 сынып
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру
VI. Қорытындылау, бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеу
ә) сабақ мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Газдың қандай қасиеттерін білесіңдір?
2. МКТ тұрғысынан алғанда газ құрылысы қандай?
3. Идеал газға қандай қасиеттер тән? Оны енгізудің себебі неде?
Жаңа сабақ түсіндіру.
Газ қысымы – өте көп молекулалардың күйін сипаттайтын макраскопиялық шама.
1. Барлық молекулалардың mмассасы бірдей
2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.
3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей
4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.
 5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.
Соқтығысулар аралығында молекулалар инерциямен қозғалады. Молекулалардың бір - бірімен және өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығулары серпімді соқтығысу заңдары бойынша есептеледі.
Қабырғамен соқтығысқанға дейінгі молекула импульсі p1 = m
Оның қабырғаға серпімді соқтығыстан кейінгі импульсінің таңбасы өзгереді: p2 = - m
Газдың көлем бірлігіндегі молекуласаны молекулалар концентрациясы екенін ескеріп мына өрнекті аламыз:
- бұл өрнек газдардың молекула кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі немесе осы өрнекті қорытып шығарған ғалымның құрметіне Клаузиус теңдеуі деп аталады. Газ қысымы молекулалардың концентрациясына және олардың ілгерлемелі қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал өседі.
Молекулалар концентрациясы неғұрлым кқп болса, соғұрлым молекулалар ыдыстың қабырғасымен жиі соқтығысады да, қысым жоғары болады.
Идеал газ қысымы көлем бірлігі ішіндегі барлық молекулалардың ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының 2/3 бөлігіне тең. Қысымды есептеп шығару үшін молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуінің тағы бір түрін алуға болады: .
Идеал газ қысымы газ тығыздығына және газ молекулаларының ілгерлемелі қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал.
Идеал газ моделінің көмегімен теориялық түрде микраскопиялық параметрлер мен макраскопиялық параметрлер арасында байланыс тағайындалды. Микраскопиялық параметрлерге молекула массасы, молекулалар саны, орташа жылдамдықтың квадраты, молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының орташа мәні. Макраскопиялық параметрге тікелей тәжірибеде өлшенетін және газды толық сипаттайтын, оның ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы жатады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Газдардың молекулалы кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды?
2. Газ қысымы қандай шамаларға тәуелді?
3. Ыдыстағы газ қысымы ондағы молекулалар санына тәуелді ме?
4. Газ қысымы көлемге тәуелді ме?
5. Идеал газ қысымын есептеуге арналған формуланы жаз
Үйге тапсырма: §26 Газдардың молекулалы кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі тақырыбын оқып келу.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Физика – 10 оқулығы. 2. Физика курсы 3. МФ, ФА журналдары.

​Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: