Физика

Физика. Паскаль заңы

Оқу мақсаттары: 7. 3. 1. 5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану...
Физика. Паскаль заңы

Сабақтың тақырыбы



Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы



Оқу мақсаттары



7. 3. 1. 5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану



Сабақтың мақсаты



Барлығы: қысым, сұйық және газ қысымы, Паскаль заңы ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі
Басым бөлігі: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстырады. Сапалық есептерге логикалық анализ жасайды, есептер құрастырады.



Бағалау критерийі



Қолдану: 1. Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолданады.
2. Әр түрлі биіктіктегі сұйықтардағы гидростатикалық қысымн тәжірибе жүзінде анықтайды.
Талдау: сапалық есептерді талдайды, тәжірибелік есептер құрастырып, шығарады.



Тілдік мақсаттар



Негізгі сөздер мен тіркестер: қысым, масса, көлем, биіктік, сұйық, газ қысымы, Паскал заңы, гидростатикалық қысым


қазақша



орысша



ағылшынша



қысым



давление



pressure



күш



сила



force



табанның ауданы



площадь дна



bottom area



сұйық



жидкость



liquid



газ



газ



gas



ауа



воздух



air



Паскаль шары



шар Паскаля



Paskal globe



температура



температура



temperature



көлем



объем



volume



тығыздық



плотность



density



сұйық бағанының биіктігі



высота столба жидкости



height of liquid column



ауырлык күш



сила тяжести



the forse of gravity



салмақ



вес



weight





Құндылықтарға баулу



 Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесінде жауапкершілік; жеке жұмыс – өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдыққа баулу.



Пәнаралық байланыс



Жаратылыстану, әдебиет.



Алдыңғы білім



1. қысым ұғымын, өлшем бірлігін, формуласын және скалярлық шама екенін біледі;
2. қатты денелерде сұйық, газдарда қысымның қалай таралуын түсіндіре алады;
3. Паскаль заңын қолдана алады.

Сабақ барысы


Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері



Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері 



Ресурстар



Сабақтың басы
10 мин



Оқушылармен амандасып, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз


Оң қолыңызды көтеріңіз.

Егер сіз адамның адалдығын бағаласаңыз


сол қолыңызды көтеріңіз

Егер сіз өз біліміңе сенсеңіз


Екі қолымызды жоғары көтереміз

Егер сізге физика пәні ұнаса


Үш шапалақ

Болашақ біздің қолымызда деп сенсеңіз, қол ұстасыңыз. Бүгінгі сабаққа сәттілік.
Топқа бөлу: масса, тығыздық, күш, қысым осы физикалық шамалар бойынша топқа бөлінеді. Топта топ басшыысы түсті қағазға қарай белгіленеді.
талдайды және түсіндіреді. есептер құрастырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. (Кубизм стратегиясы, 6 қырына алты сұрақ жазылады, мұғалім кубты ортаға тастап, қай қыры түссе оқушы сол сұраққа жауап береді. Әр топқа бір кубтан)
Тапсырма №1
1. Қысым деп нені айтамыз?
2. Қысымды қалай анықтауға болады?
3. Қысымның формуласы қандай?
4. Қандай қысым бірліктерін білесіңдер?
5. Қысым мен ауданы бойынша денеге түскен күшті қалай анықтаймыз?
6. Қысымы мен күші бойынша дененің ауданын қалай анықтаймыз?
Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ»
Миға шабуыл
«Адамның ұлылығы – оның ойлай білу қабілетінде» Блез Паскаль
Интерактивті тақтадан кітапқа түсетін қысым күші туралы, және цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массалары бірдей су құйылған судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей болама? Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға ал ең төменгі саңылаудан неғұрлым алысқа шапшиды бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? (оқушылар өз ойларын айтады)
№1№2№3№4
Сабақтың тақырыбы мақсатымен таныстыру


Жеке - жұптық топтық жұмыс.

Тапсырма 2. Оқулықпен жұмыс. (постер қорғау).
«Джигсо» әдісін қолдану. Тақырыпты оқи отырып масса тобы тақырыптағы мысалдарға назар аударады. Тығыздық тобы тақырыптағы термиін мен заңға. Күш тобы Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қортып шығаруға. Қысым тобы сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын түрлендіріп қолданылуына мысал келтіреді. ( жеке – жұп - топ)
ҚБ «Бағдаршам». бірін - бірі бағалайды



Түрлі – түсті қима қағаздарда масса, күш, тығыздық, қысым
Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
(Қысым)
Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
(Күш)
Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық)
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (жол )
  
YouTube
Р. Башарұлы
7 - сынып оқулығы



Сергіту сәті: музкалы әуенмен қоса ауада дене мүшелерімен гидростатикалық қысымның формуласын () жаздыру.



Сабақтың ортасы
25мин



 Деңгейлік тапсырмалар:
«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы.
1. І. А тобы.
Формула бойынша есептер
1. Судың, кериосиннің сынаптың 0, 6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар?( Жауабы: 6кПа, 4, 8кПа, 82кПа )
2. Ыдысқа су құйылған су қабатының биіктігі 10 см болса, судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы неге тең?
3. Адам 9 м тереңдікке дейін сүғги алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін су қысымын есептеңдер. (Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/ м)
ҚБ «Табыс баспалдағы».
ІІ. Оқушылар өлең жолын физикалық тілмен түсіндіреді.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» 
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді
ІІІ. Б тобы
Сапалық есептер
1. 10 балдық дауыл желдің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па ауданы 24 м2 үй қабырғасына түсіретін желдің қысым күші қандай?
2. Еденде қалыңдығы 12см бетон тақта жатыр. Оның еденге түсіретін қысымын анықтаңдар? ( бетон тығыздығы 2, 2 г/см3 ).
Қалыптастырушы бағалау «Табыс баспалдағы».
IV. "Сұрақты ұстап ал"
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісі кинетикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.
1. Адамның тісі неге үшкір?
2. Шеберлер киім тіккенде неге оймақ киеді?
3. Неліктен аңшы шаңғысы спортшылардың шаңғысына қарағанда жалпақ жасалады?
4. Адамдарға неге судың бетіне тез көтерілуге болмайды?
V. С тобы
1. Көлемі 20 м3 және биіктігі 3, 6м бактің ¾ бөлігі суаруға арналған сумен толтырылады. Бактің түбінде орналасқан ауданы 18 см2 тығынға судың түсіретін қысым күшін анықта.
2. Цилиндр ыдысқа сынап, су және бензин құйылған сұйықтардың көлемдері бірдей. Сұйық деңгейлерінің биіктігі 15см болса, сұйықтардың түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?
3. Куб пішінді ыдыс ернеуіне дейін массалары бірдей сумен және керосинмен толтырылады. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? Куб қырының ұзындығы 36 см.
Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» 



Ойлан, жұптас бөліс.
Кесте 6
«Табыс баспалдағы



Сабақ соңы
10 мин.



VI. Үйге тапсырма беру:
1. Оқушыларға жеке ақпарат көздері арқылы денеге түсетін қысым күшін анықтауға есептер құрастырып келу.
1. Гидростатикалық қысымның тудыру арқылы жұмыс істеу принцптеріне, қолдануына шығарма жазу. ( суқұбыры, канал, шлюздер, судиірмендері, суландыру және суару жүйесі, субұрқақтар және қатынас ыдыстар ).
Кері байланыс
Қосу - Оң әсер еткен фактілерді, алу - қолымнан келмей жатыр, қызықты - өздеріне не қызықты болды соны жазады.
Рефлексия «Алма ағашы» тәсілін пайдалану.
Жасыл алма - тақырыпты толық меңгердім
Сары алма - жартылай меңгердім, қайта қараймын
Қызыл алма - тақырыпты меңгере алмадым, көмек керек



Әр түрлі стикерлер



Саралау -
Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай
тапсырмалар берсіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Қабілеті жоғары оқушыларға жеке ақпарат көздері арқылы әртүрлі биіктіктегі сұйықтардағы гидростатикалық қысымн анықтауға есептер құрастырып шығарып келу және қолданылуына талдау жасау.
Қабілеті орташа оқушыларға Денеге түсетін қысымды, сұйықтардағы гидростатикалық қысымды анықтауға формулаларды түрленуімен қайталау.



1. Дәлелдер келтіре отырып өз ойларын жеткізе білуі.
2. Есеп шығаруда есептің берілгенін дұрыс жазуы, бір - бірлерінің жауаптарын мұқият тыңдауы. Кейбір есептің берілгендері арқылы оқушылардың білімдерінің толықтырылуы байқалды.
Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бағалап отырады.



АКТ - оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс жасайды.
Сабақта сергіту жаттығулары, белсенді жұмыс түрлерін қолдандым. Бұл оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізбейді.



Сабақ бойынша рефлексия



сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану» тақырыбына жасалған жоспарда оқытудың белсенді әдіс - тәсілдері кубизм, ойлан, жұптас, бөліс, деңгейлік тапсырмалар қолданылды. Топтағы оқушылар есеп шығаруда ізденушіліктері, білмеген нәрселерін білуге, зерттеушілік талпыныстары бар тапсырмалар орындады, есептер құрастырып оны шешу арқылы қызығушылық танытады. Сабақтың әр тапсырмасы бас бармақ, бағдаршам, табыс баспалдағы, екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланды.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: