Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену
№5 зертханалық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену
Курс, топ
1 курс, ОСк-02, Гк-01, Гк-02, Фк-01а, Фк-02а
Модульдің атауы/пән
Физика
Оқытушы
Кабзолданова А.С.
Мерзімі
Сабақтың типі
зертханалық сабақ
Сабақтың оқу мақсаттары
10.4.2.2 -өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;
Сабақтың мақсаттары
Барлық білім алушылар:
Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады.
Білім алушылардың басым бөлігі:
Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау қасиеттерін білед.
Кейбір білім алушылар:
Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, есептер шығарады.
Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығының мәнін ұғындыра отырып, сабырлылық, шыдамдылық, адами қасиеттерін меңгерту.
Бағалау критерийлері
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын біледі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау формулаларын есептер шығаруда қолданады.
Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет
Презентация, әдiстемелiк нұсқаулық
Пәнаралық байланыстар
Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау кезінде география пәнімен кіріктіріледі
Сабақтың барысы
Жоспарланған мерзімдер
Жоспарланған әрекеттер
Ресурстар
0-1 мин.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады
1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3.Топтың сабаққа дайындығы
Сабақтың басталуы
2-5 мин.
І) жеке жұмыс
Â= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Тәжірибе кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды ескерту.
Зертханалық жұмысқа қажетті құралдарды оқушылар өздері құрастыру керек. Оқушылар құрастырып болған соң, жұмыстың қалай жүретіні туралы өздері айтып береді. Өз ойларынан кейін жұмыстың мақсатын өздері шығарады. Содан соң жұмысқа кіріседі. Зертханалық жұмыстың жасалу мезетінде мұғалім қарап жүріп, бағалау парақшасын толдырады.
Физика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1. Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
2. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.
3. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.
4. Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.
5. Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқыңдар.
6. Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау ток көзі ажыратылған кезде жасалуы керек.
7. Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.
8. Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін прибормен тексеріңдер.
9. Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.
10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.
11. Конденсаторға ток көзі ажыратылған соң да тиісуге болмайды, оны зарядсыздандыру керек.
12. Сынап организмге қауіпті, сондықтан термометрді дұрыс қолдана білген жөн.
13. Спиртовканың темір қақпағы болуы керек.
Шамдарға бензин құюға болмайды.
14. Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған жөн.
15. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.
16. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, мұғалімге хабарлау керек.
Сабақтың ортасы
1.Тізбектей жалғау – последовательное соединение – seriesconnection
2.Параллель жалғау – параллельное соединение –parallelconnection
Күнделікті өмірде біз электр энергиясын пайдаланамыз және ол электр тізбегін әртүрлі тәсілдермен жалғаймыз.Ең қарапайым қосу тәсілі – тізбектей жалғау. Тізбектей жалғанған резисторлардың бойынан бірдей ток өтеді. Бұл жағдайда тізбекке тармақталу болмайды.
Тізбектей жалғау – бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшінші өткізгіштің басымен жалғанады.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
I = I1 = I2 = … = In;
U = U1 + U2 + … + Un ;
R = R 1 + R2 + … + Rn.
Жұмыс барысы:
5.1. Электр тізбегін жинау (сурет 2).
5.2. Реостат арқылы тізбекте ток күшін амперметрмен өлшеңдер.
5.3. Вольтметрді мына нүктелерге жалға, 1 және 2 (сурет 3) және U12 кернеуді өлшеңдер.
5.4. Кедергіні анықтаңдар .
5.5. Кедергіні анықтаңдар
5.6. Өлшеу нәтижесіндегі кедергіні анықтаңдар және мына формуламен анықталған : , кедергімен салыстырыңдар, мұндағы R2=2 Ом, R3=4 Ом.
5.7. Кедергіні анықтаңдар .
5.8. Формуланың дұрыстығын тексеріңдер және . I= I2+ I3
5.9. Қорытынды жасаңдар.
Презентация – 1
Ресурс - 1
Кернеу U, В
Ток күші I, А
Кедергі R, Ом
№
U12 В
U23 В
U13 В
I А
I1 А
I1 А
I3 А
R 13
Ом
R 23
Ом
R13
Ом
1
2
3
Сабақтың аяқталуы
Завершение урока
№1. 220 В электр желісіне қосылған қуаты 450 Вт электр алауошақтың (электркаминнің) спираліндегі ток күшін есептеңіз. Қандай уақыт аралығында электр алауошақ 610 кДж энергия бөледі? Ток қандай жұмыс атқаратынын анықтаңыз?
№2. 1 минут ішінде 850 Дж энергия жұмсалатын электр шамының кернеуін анықтаңдар. Шамға қосылған амперметр көрсеткіш 0,3 А көрсетсе, онда токтың жұмысы мен қуатын анықтаңыз.
№3.Әрқайсысы 220 В электр желісіне есептелген екі шам параллель жалғанған. Қуат көрсеткіштері: 110 Вт және 30 Вт. Шамдардың кедергісін есептеңдер. Әр шамның спиралында токтың күші көбірек? Шамдардағы токтың 1 минутта атқарған жұмысы қандай? Қай шам жарағырақ жанады?
Қорытынды жазу
7. Сабақты қорытындылау және рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- нені білуім керек
Оқытушы: Кабзолданова А.С. Қолы: