Математика

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы: бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады және азайтады; Оқушылардың көпшілігі: бөлімдері әртүрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, қосуды және азайтуды орындайды;
Жай бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту
Оқу мақсаттары / ұзақ мерзім жоспардан 5. 1. 2. 17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың барлығы: бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады және азайтады;
Оқушылардың көпшілігі: бөлімдері әртүрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, қосуды және азайтуды орындайды;
Оқушылардың кейбірі: жай бөлшектері бар мәтінді есептерді шығара алады.
Бағалау критерийлері Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.
Тілдік мақсаттар:
Бөлім бойынша лексика мен терминология
- бөлшектерді салыстыруды түсіндіреді;
- жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіруді түсіндіреді;
- жай бөлшектерді қосу және азайту;
- арифметикалық амалдар алгоритмі;
Құндылықтарды қалыптастыру Құндылық: Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары/ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Пәнаралық байланыс Қолданбалы математика (есептер шығару барысында)
Алдынғы білім
Жай бөлшектер мен аралас сандар туралы түсініктері; «дұрыс бөлшек» және «бұрыс бөлшек» ұғымдарын білу; натурал сандарды көбейту және бөлу дағдылары; бөлшектерді
қысқарта алу; бөлшекті ортақ бөлімге келтіру; аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде және керісінше жазу; натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: