Сабақ жоспарлары / Физика

Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш машиналар. - Физика, 8 сынып, 22 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш машиналар.
Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш машиналар. - Физика, 8 сынып, 22 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Бу және газ турбиналары, тоңазытқыш машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен, яғни жылу техникасының дамуының маңызды бағыттарымен таныстыру; схема, конспект қуруға үйрету; салыстыру, талдау жасау қабілеттерін дамыту;
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
  1. Жылу машиналары дегеніміз не?
  2. Жылу машиналарының түрлері.
  3. Іштен жанатын қозғалтқыштың кұрылысы.
  4. Іштен жанатын қозғалткыштың жұмыс істеу принципі.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1 .Оқушылар баяндамаларын тындау:
а) Бу турбинасы; б)    Газ турбинасы;в)  Реактивті қозғалтқыштар;
г)Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығында қолданылуы; 
2. Тоңазытқыш машиналар, құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Жылу қозғалтқышыАртықшылығыКемшілігіҚолданылуыпәкПайдалану перспективасы






Ескерту: ПӘК жөнінде келесі сабақтан кейін толтыруга болады.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §24,25
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: