Оқушыларға

Қазақтың Абайы

Қазақтың «Ұлы ақыны» Абай Құнанбайұлын білмейтін мемлекетет, танымайтын қазақ жоқ шығар сірә?! Аты әлемге әйгілі Абай атамыз - қазақ елінің мақтанышы....
Қазақтың Абайы

Эссе
Қазақтың Абайы
Қазақтың «Ұлы ақыны» Абай Құнанбайұлын білмейтін мемлекетет, танымайтын қазақ жоқ шығар сірә?! Аты әлемге әйгілі Абай атамыз - қазақ елінің мақтанышы. Бар білімін өз халқына арнап, елдің қамын ойлаған біртуар азамат. Абайдай ақын қайта айналып келмейді ғой шіркін! Егер солай болса бүгінде қазақтың мәдениеті, өнері мен білімі бар мемлекеттен алдыңғы қатарда болар ма еді? Шынымен, біз білмеген небір өлеңнің қасиетімен, қазақтың бар болмысымен танысатын едік. Абайдай азаматтың ұрпағы болғанымызға біз қуануымыз керек. Ә. Бөкейханов атамыз айтқандай: «Өз Отанымыздың сом алтыны». Шынымен, Абай ақын біздің баға жетпес қазынамыз, ұлы ойшылымыз. Абай қанша жерден болыс болса да, лауазымды адам болса да, өзі халықтың баласы болған. Халқымен өмір сүрген, халыққа жаны ашыған нағыз ұлтжанды азамат. Оның бәрін шығармалында сайрап тұр. Өлеңдері білімге шақырып, бізді жалқаулыққа жолатпай, қараңғылықтан құтылуға шақырады. Абайды қанша оқысақ та жалықпаймыз, керісінше, рухани жаңғырамыз.
М. Әуезов атамыз»Абай деген - терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»деген екен. Мұхтар атамыздың өзі бетін ғана қалқыса, біз не болдық екен?! Сол үшін іздену керек, оқу керек, білу керек. Қазақ бола тұрып Абайды білмесек, біздің бетімізге басылған күйе деп білемін. Бүгінде Абай данамыздың туғанына 175 жыл. Шіркін! Абай әлеміне бір күн барып, сол заманды көре алсам ғой, бұл менің орындалмас арманым болып қалатын шығар. Сол заманның тыныс - тіршілігі, өмірі, Абай шығармалары арқылы көз алдыман бір жүгіріп өткендей болады. Нағыз өнерге, білімге толы кездер сол заманда секілді. Абайды жазамыз, талдаймыз, жаттаймыз, оқимыз. Сонда да жалықпаймыз, шығармаларын оқып тауыса алмаймыз. Біз бар адамгершілік қасиеттерді Абай шығармаларынан таба аламыз. Абай аты біздің есімізде мәңгі сақталып қала береді. Абай біз үшін «қараңғы заманда шыққан жарық шамшырақ».

Авторы: Ибраимова Альмира
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: