Әдістемелік көмек / Физика

Физикадан кешенді тест сынағы: 9 сынып

9 сыныпқа арналған кешенді тест сынағың біздің сайттан тегін жүктеп алу. Физикадан тесттер, 9 сынып.
Физикадан кешенді тест сынағы: 9 сынып

Үлгісі: 

нұсқа


1. Қатты денелерге тән қасиеттер

  1. берілген көлемді толтырады
  2. белгілі пішіні болады
  3. көлемін сақтайды
  4. оңай сығылады

     А) 1 және 3

     B) 3 және 4

     C) 2 және 3

D) 1 және 4

E) 2 және 4

 2. 10 Н күштің әсерінен серіппе 0,1 м-ге ұзарады. Серіппенің қатандығын тап.

     А)  100 Н/м

     B)  1 Н/м

     C)   0,1 Н/м

     D)  0,01 Н/м

     E)  10 Н/м

3. Дене массасының еркін түсу үдеуіне және денеден Жер бетіне дейінгі h қашықтықтың көбейтіндісіне тең физикалық шама

     А)   Потенциялдық күш

B)  Күш импульсі

     C)   Кинетикалық энергия

     D) Екі еселенген кинетикалық энергия

     E) Дене импульсі

4. Жылдамдығы 10,8 км/сағ, тарту күші 1,5 кН электровоздың қуатын тап.

     А)   4,5 кВт

B)  4,5 Вт

     C)   450 кВт

     D)   16200 Вт

     E)   16,2 Вт

5. Металды балқыту кезінде

     А)   энергия жұтылады

B)  энергия жұтылмайды

     C)   энергия жұтылуы да бөлінуі де мүмкін

      D)  балқу процесі энергияның бөліну немесе жұтылу шамасына байланысты емес

     E)   энергия бөлінеді

6. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 

    0,5 А. Қыл сымының кедергісін тап.

     А)   0,5 Ом

B)  1 Ом

     C)   2 Ом

     D)   4 Ом

     E)   1,5 Ом

7. Егер шамның ұштарындағы кернеу 5 есе азайса, онда электр қуаты қалай өзгереді? (шамның кедергісі тұрақты)

     А)   5 есе кемиді

B)  5 есе артады

     C)   25 есе кемиді

     D)   25 есе кемиді

     E)   өзгермейді


Барлық нұсқаларды төмендегі сілтеме арқылы жүктей аласыз. 


Онлайн жүктеп алу:


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: