Сабақ жоспарлары / Физика

Еріксіз тербелістер. Автотербелістер - Физика, 11 сынып, 7 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Еріксіз тербелістер. Автотербелістер.
Еріксіз тербелістер. Автотербелістер - Физика, 11 сынып, 7 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушкамен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушкамен танысамыз.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2.1.-2.4  дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Айнымалы ток деп нені айтамыз?
  2. Қозғалмай тұрған рамада айнымалы ток тудыруға бола ма?
  3. Активті кедергі деп нені айтамыз?
  4. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері қалай анықталады?
  5. Сыйымдылық кедергі деп нені айтамыз?
  6. Сыйымдылық кедергі қандай шамаларға тәуелді?
  7. Индуктивтік кедергі деген не?
  8. Тұрақты ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі деген не?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. (2.1.1.-2.1.4.), (2.2.1.-2.2.3.), (2.3.1.-2.3.3.),

 VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2.1; 2.2; 2.3; 2.4;  (2.1.4.-2.1.6.), (2.2.4.-2.2.8.), (2.3.4.-2.3.5.)
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: