Сабақ жоспарлары / Физика

Еркін және еріксіз тербелістер. - Физика, 9 сынып, 26 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер.
Еркін және еріксіз тербелістер. - Физика, 9 сынып, 26 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Еркін және еріксіз тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Еркін және еріксіз тербелістермен танысамыз.
  1. Математикалық маятник деп нені айтады?
  2. Математикалық маятниктің периоды неге тәуелді?
  3. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды неге тәуелді болады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
  1. Еркін тербелістер –дене тепе-теңдік  күйінен шығарылғаннан соң чыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістер.
  2. Еркін тербелістердің жиілігін тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі деп атайды.
  3. Еріксіз тербелістер –сыртқы периоды күштің әрекетінен болатын тербелістер.
  4. Тербеліс жиілігінің сипаттамалары.
  5. Резонанс-мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі иен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз ьтербелістер маплитудасының кенет арту құбылысы.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§28  дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?
  2. Тербелістер неліктен өшеді?
  3. Үйкеліс күші тербеліс амплитудасын неліктен азайтады?
  4. Неліктен өшетін тербелістерді гармоникалық тербелістер деп айтуға болмайды?
  5. Тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі қалай анықталады?
  6. Еріксіз тербелістер деген не?
  7. Еріксіз тербелістердің жиілігі қандай болады?
  8. Қандай құбылысты резонанс деп атайды?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Қосымша есептер.
А) Массасы 1 кг жүк ілінген маятник серіппенің ұшына тербеліс жиілігі 16 Гц-ке тең айнымалы күш әсер етеді. Егер серіппенің қатаңдығы 400 Н/м болса,  бұл жағдайда  резонанс құбылысы байқала ма? (Жоқ)
Ә) Теміржол вагонының меншікті вертикаль тербелістерінің  периоды 1,25 с-қа тең. Рельстердің түйіскен жерінде агон периодты соққы алады, бұның өзі вагонды еріксіз тербеліске түсіреді. Түйісу аралығындағы рельстің ұзындығы  25 м болса, пойыздың жылдамдықтың қандай мәнінде резонанс пайда болады (72 км/сағ)
  1. 23-жаттығу 1.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §28  23-жаттығу (2,3).
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: