Сабақ жоспарлары / Физика

Электромагниттік толқындар шкаласы - Физика, 11 сынып, 22 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар шкаласы.
Электромагниттік толқындар шкаласы - Физика, 11 сынып, 22 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік толқындар шкаласымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша электромагниттік толқындар шкаласымен танысамыз.
  1. Ұзын радиотолқындар не себепті алыс қашықтыққа тарай алады?
  2. Шалғай қашықтыққа қысқа толқындар арқылы радиобайланыс қалай жүзеге асады?
  3. Ионосфераның пайда болу себебі неде?
  4. Радиолокация дегеніміз не?
  5. Не себепті телехабарлар үшін таратқыш антенналар биікке орналасуы қажет? 
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
1. Төменгі жиілікті толқындар.
2. Радиотолқындар.
3. Инфрақызыл сәулелер.
4. Көрінетін жарық.
5. Ультракүлгін.
6. Рентген сәулелері.
7. Гамма-сәуле шығару.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§3.10 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Есептер шығарту. 
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §3.10 Есептер шығарту. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: